Түркістан облысының полицейлері жүк көлігіне заңсыз тас шағалын артқан жергілікті тұрғынды анықтады

Қазығұрт аудандық полиция басқармасының полицейлері күнделікті қоғамдық тәртіп пен ел тыныштығын, қауіпсіздікті сақтаумен қатар, табиғатқа залал келтіріп, тау-тасты заңсыз пайдаланатындарды анықтап, жауапқа тартуда. Мәселен, Қазығұрт ауданының ЖПҚБ қызметкерлері тұрақты түрде рейдтік іс-шаралар жүргізуі нәтижесінде жер қойнауын заңсыз пайдалану бойынша   2 жүк көлігі мен 1 қазу техникасы айыптұраққа қойылды. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 334-бабы "Жер қойнауын өз бетінше пайдалану" бойынша сотқа дейінгі тергеп тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. 

image.png

Белгілі болғандай жергілікті тұрғын үй құрылысына пайдалану мақсатында қиыршық тастарды өзінің басқаруындағы «Камаз» маркалы жүк көлігіне артып, одан әрі қарай алып кетпек болған. Алайда полиция қызметкерлерінің қырағылығының арқасында табиғатқа зиян келтіре алмады. Заңбұзушылық дер кезінде тоқтатылды. Қазіргі таңда аталған жайтқа қатысты жүк көлігі айып тұраққа қойылды. Сондықтан Түркістан облысының полицейлері мұндай заңсыз әрекеттер жасамауға кеңес береді. Су қорғау аймақтарында қоқыс пен тұрмыстық қалдықтарды тастауға және жер қойнауын заңсыз пайдалануға тыйым салынын еске салады! Осындай құқық бұзушылықтарға куә болған жағдайда «102», нөміріне хабарлаңыздар.

image.png

ТО ПД-нің баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер