Түркістан облысының полицейлері мас халде жол көлік оқиғасын жасаған күдіктіні қамауға алды

Созақ АПБ-ға ауруханалардың бірінен хабарлама келіп түсті.  Онда "Екпінді-Бірлік" тасжолының бойында  "Audi 100"  маркалы автокөлігінің жүргізушісі  "Уаз"  маркалы   көлігімен соқтығысып, жол көлік оқиғасын жасағаны көрсетілген. Салдарынан "Уаз" көлігінің ішінде болған жолаушылардың бірі қайтыс болып, қалған екі азамат түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген. 

image.png

Полиция қызметкерлері хабарды алысымен бірден жолға шығып,   оқиға орнына жедел жетті. Тәртіп сақшылары күдікті азаматты оқиға орнынан ұстап, ПБ-ға жеткізді. 

Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты ҚР ҚК-нің 345-бабы «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бойынша күдікті азамат қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде. 

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Автокөлікке мас халде отырмаңыз, оның соңы жазатайым оқиғалар мен өлімге әкеп соғуы мүмкін. Қашықтықты және маневр жасау ережелерін сақтау, жылдамдықты асырмау және қарсы жолаққа шықпау қажет. 

ТО ПД-нің баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер