Түркістан облысының полицейлері көлігі бұзылып қалған егде жастағы әйелге көмектесті

Жолға шыққан жүргізушілер мен жолаушылар түрлі қиындықтарға, келеңсіз жағдайларға тап болып жатады. Осындай кезде полицейлер көмек қолын созып, жолда қалғандарға қолғабыс етіп, алғыс алатын кездер де аз емес. Мәселен, патрульдік полиция  ротасының  қызметкерлері Шардара  ауданы трассаларының бірінде жол бойында тоқтап тұрған «Daewo Nexia»  көлігін  көріп, жанына жақындайды. Жүргізушіден қал-жағдайын біліп, қандай да бір көмек керек пе деп, жөнін сұрайды. Белгілі болғандай, көлігі бұзылған жүргізуші  әйел 1 сағаттай жол бойында тұрып қалған көрінеді. Содан тәртіп сақшылары бірден әрекет етіп, аталған көлікті сүйреп, діттеген жеріне дейін жеткізеді.

image.png

Өз кезегінде көлік жүргізушісі : «Жол бойында көлігім бұзылып тұрғанда қаншама көліктер өтіп кетіп жатты. Ешқайсысы көмектеспеді. Бір кезде жаныма қызметтік көліктерімен полицейлер тоқтады. Ризамын, олар жағдайымды біліп, дереу көмектесті.  Олар Ұзын ата елді мекенінен, Алатау ауылына дейін  10 шақырымға сүйреп әкелді. Алла разы болсын! Осындай қиналғанда қолдау білдіретін жігіттеріміз көп болсын! Жұмыстары алға бассын!»-деп, шынайы ризашылығын жеткізді. 

Анықталғандай, жүргізушіге жәрдем еткендер ППТ аға инспекторы полиция аға лейтенанты  Руслан  Мырзабаев  пен инспектор полиция аға лейтенанты Нұрсұлтан Айдарбеков  болып шықты. Яғни, аталған тәртіп сақшылары жол-көлік оқиғаларының алдын алу, болдырмау мақсатында күнделікті қызметтерін жасап жүріп, көмек қажет еткен жанға көмектесіп, игі іс жасаған.

ТО ПД-ның баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер