Түлкібас АПБ-ға жергілікті тұрғын жайылымнан құны 1 000 000 теңге болатын 2 бас жылқысының жоғалып кеткені туралы арызданған. Ол жоғалған малын өзі іздеп таба алмағаннан кейін полицияға хабарласып, көмек сұраған.
Түлкібас АПБ-ның КПБ, УПИ қызметкерлері жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында жоғалған жылқыны небары 4 сағаттың ішінде жайылымдық жерден тауып, егесіне қайтарды. Түлкібстық полицейлер жоғалған жылқыларды шамамен 15 шақырым жердегі көрші ауылдан жайылып жүрген жерінен тапты.
Осы тұста шардаралық тұрғын жоғалған малын тауып беріп, аман-сау қайтарған учаскелік полиция қызметкерлері полиция майоры Ерлан Бексейтов пен полиция капитаны НұрланАйымбетовтерге алғыстарын айтып, жұмыстарына сәттілік тіледі.
Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға қырағы болу және малдарын қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертеді. Мал ұрланған немесе жоғалған жағдайда, өз бетінше іздеуге уақыт жоғалтпай, дереу полицияға «102» телефоны бойынша хабарласыңыздар.
ТО ПД-ның баспасөз қызметі