Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторлары өздеріне бекітілген аумақта профилактикалық жұмыстар жүргізу кезінде белгісіз 2 азаматтың қоғамдық орында ішімдік ішіп, елдің мазасын алып отырғанын анықтады. Содан тәртіп сақшылары құқық бұзушы 2 тұлғаны сабырға шақырып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Сондай-ақ оған ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы « Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу» бойынша хаттама толтырды. Сонымен қатар полицейлер аудан сыртындағы қора иелеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Ондағы басты мақсат - ірі қара малдардың, жылқылардың қатысуымен орын алып жатқан жол-көлік оқиғасының алдын алу болып табылады. Рейд барысында полицейлер түнгі уақытта қараусыз жүрген 2 ірі қара мал егесіне ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы «Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды және жою қағидаларын бұзу» бойынша хаттама толтырып айыппұл салды.
Үй жануарларының қатысуымен орын алатын жол апаттарын болдырмау мақсатында ұйымдастырылған бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.
Осы тұста полиция қызметкерлері тұрғындарға ескертеді: Ipi қара малдарды, жылқыларды қараусыз қалдырмаңыздар. Егер де, халықаралық, республикалық маңызы бар тас жол бойында немесе жақын жерде қараусыз жайылып жүрген мал көрсеңіз, жергілікті атқарушы билік органдарына хабар беріңіз!
ТО ПД-ның баспасөз қызметі