Түркістан облысының полицейлері қамаудағы ер адамның алаяқтық қылмысын анықтады

Қазір алаяқтық қылмысы белең алған кезең. Оның ішінде интернет-алаяқтық өршіп тұр. Осындай қылмыс жасап, бүгінде Шымкент қаласындағы түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан күдіктінің  қылмыстық тарихын қарау барысында оның бұрын жасалған тағы бірнеше алаяқтық жайтына қатысы бары анықталды.

image.png

Түркістан ҚПБ-ның жедел уәкілдері тексеру барысында күдіктінің 2020 жылдың қыркүйек айында ғаламторға «Түркістан қаласынан пәтер жалға беремін деп» жалған жарнама қойып, үш бірдей тұрғынды алдағаны анықталды. Яғни жәбірленуші Төлеби ауданының тұрғыны жарнаманы көріп, күдіктімен телефон арқылы келісіп, алдын ала төлем үшін 10 000 теңге тастаған. Ал түркістандық тұрғынның бірі 5000, ал енді бірі 70000 теңге ақшасын салып жіберген. Ақша жібергеннен кейін жәбірленушілер күдіктімен байланыса алмай қалған.  Қазіргі таңда аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері күмәнді ұсыныстарға сенбеңіздер деп ескертеді. Сатылатын, жалға берілетін мүліктер жайлы әлеуметтік желідегі жарнамаларды әбден тексеріп, сол заттың барына толық көз жеткізген соң, ақысын беруге болады. Ешқашан алдын ала төлем жасауға асықпаңыз. 

ТО ПД-ның баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер