Түркістан облысының полицейлері қонаққа барып, құрбысын тонаған күдікті әйелді ұстады

Төлеби АПБ-ға жергілікті тұрғын әйел  арызданып келген. Оның айтуынша құрбысының  үйінде қонақта отырған сәтінде құрбысы  «Айфон S6» маркалы ұялы телефонын ашықтан ашық алып, қайта қайтармаған. Осылайша жәбірленуші әйелге 150 000 теңге шығын келген. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 191-бабы «Тонау» бойынша СДТТБТ-ға тіркеп, қылмыстық істі ашуға бағытталған шараларды жедел түрде жүргізді. 

image.png

Орын алған қылмысты ашу және күдіктіні ұстау мақсатында Төлеби АПБ-ның тәжірибелі қызметкерлерінен арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. Полицейлер оқиға орнын тыңғылықты тексеріп, куәгерлерден сұрастырып, жақын аралықтағы аумақтарды көріп шықты. Нәтижесінде полицейлер күдікті ретінде жәбірленуші әйелдің құрбысын өз үйінен ұстады .

Белгілі болғандай күдікті  жәбірленушінің үйінде қонақта болған. Осы сәтте жәбірленуші мен құрбысы сөзге келіп қалып, ұялы телефонын келісімінсіз ашықтан ашық алып қойған.   Полицейлер күдіктіден айғақты зат ретінде  ұялы телефонды тәркілеп, жәбірленушіге  қайтарып берді. Жәбірленуші әйел полиция қызметкерлерінің тиянақты жұмысына өз алғысын айтып, жұмыстарына сәттілік тіледі.  

Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары жүргізілуде. Орта жастағы  күдікті әйелдің  бас шарасы қолхатта. 

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға өз бағалы заттарыңызға, қол сөмкелеріңізге сақ болыңыздар деп ескертеді. Тонау, ұрлық, қарақшылық жайттары орын ала қалса, тез арада полицияның «102» телефонына хабар беріңіздер. Уақытында берілген ақпарат қылмыстың «ізін суытпай ашуға» толық мүмкіндік береді.                          

ТО ПД-нің баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер