Түркістан полицейлері тұрғындарды алдап 5 миллион теңге шығын келтірген күдіктіні ұстады

Сарыағаш АПБ-ға  жергілікті  тұрғын арызданды.  Оның айтуынша,  алаяқтың  арбауына түсіп, алданып қалған. Яғни алаяқ жәбірленушінің  1 500 000 теңге болатын   280 қап ұнын  сатып беремін деп  алдап кеткен. Бұл аталған жайтты полиция қызметкерлері   ҚР-нің  Қылмыстық  кодексінің  190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеп, шұғыл  іздестіру жұмыстарына кірісті. 

image.png

Осындай алаяқтық жолмен тұрғынды алдап, өзінің құрығына түсірген  күдіктіні ұстау үшін тәжірибелі тәртіп сақшыларынан жедел тергеу тобы құрылды. Куәгерлерден жауаптар алынды. Күдіктінің баруы мүмкін деген жерлер мұқият тексерілді. 

Осылайша жедел-профилактикалық іс-шара барысында, ақпарат көздері арқылы күдіктінің жекебасы анықталды. Тәртіп сақшылары алаяқты өзінің тұрғылықты үйінен тауып, Сарыағаш  АПБ-ға жеткізді. Ол жергілікті тұрғын,  орта жастағы азамат  болып шықты.

 Белгілі болғандай полицейлер күдіктінің басқа да қылмыстарға қатысы барын анықтады. Атап айтсақ, полицейлер  күдікті азаматтың   бұдан  алдын  2 тұрғынның  25 тонна бидайы мен 45 дана трубасын сатып беремін  деп алдап жымқырып кеткенін растады.    Жалпы жәбірленушілерге келтірілген шығын  5 миллион теңгені құрады. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары жүргізілуде. 

Осы тұста полицейлер тұрғындарға ескертеді: кез келген бейтаныс адамға сенім артудан абай болыңыздар. Сондай-ақ ақша беру, ақша аудару, ақша алу сынды операциялар кезінде мұқият болу қажет. Егер де, сіз, жоғарыда аталған жайттарға тап болсаңыз, бірден полицияның 102 нөміріне қоңырау шалыңыз. 

image.png

ТО ПД-нің баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер