Түркістан облысының полицейлері ұйықтап жатқан отбасының екі дана телефонын қолды еткен күдіктіні ұ

Бәйдібек АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданды. Әйел өз арызында түнде ұйықтар алдында жаздық асханасына қуаттағышқа қойып қойған «Самсунг» және тұрғын-үйдің ауласында тұрған «Редми 9А» маркалы ұялы телефондарын белгісіз біреу туралы хабарлама түсірген. Жәбірленуші әйелге келтірілген шығын көлемі 150 000 теңгені құрады. Аталған жайт СДТТБТ-ға ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркелді. 

image.png

Орын алған ұрлықты ашу мақсатында бәйдібектік қырағы полицейлер шұғыл әрекетке көшті. Тәжірибелі полицейлерден жедел-тергеу тобы құрылып, қажетті іс-шаралар атқарылды. Нәтижесінде үйінде адамдардың бар екеніне қарамастан заңсыз кіріп, ұялы телефондарды жымқырған күдікті анықталып, ұсталды. Ол жәбірленушінің ауылдасы, бұрын сотталған жас жігіт болып шықты. 

Белгілі болғандай, түнгі уақытта ішімдік ішкен ер адам, ауылдасының ауласына заңсыз кірген. Үй ішіндегі адамдардың ұйықтап жатқанын пайдаланып,  емін-еркін кіріп, ұялы телефонға көзі түсіп,өзімен алып шыққан. Онымен қоймай аулада тапшан үстінде отбасы мүшелерінің бірінің жанында жатқан телефонды көріп, оны да байқатпай алып, оқиға орнынан бой тасалаған. Үйден шыққан бойда ұялы телефондарды жасырып қойған. Жан-жақты іздестіру жұмыстары арқасында полицейлер 1 тәулікте күдіктінің ізін суытпай ұстап, одан ұрланған ұялы телефондарды айғақты зат ретінде тәркілеп алды. Содан заңды иесіне қайтарды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды.

Өз кезегінде жәбірленуші әйел полицейлердің жедел әрекетіне риза болып, шынайы алғысын білдірді. Жұмыстарына табыс тілеп, тек биіктен көрінуге тілектестік білдірді. 

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға бағалы заттарыңызбен, ұялы телефондарыңызға барынша абай болыңыздар деп ескертеді. Яғни ұялы телефондарыңызды кез-келген жерге қалдырмаңыздар. Мүмкіндігінше жеке заттарыңызды аузы жабық сөмке мен ішкі қалтаңызға сақтаңыз. 

Егерде сізде, осындай ұрлықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада полицияның «102» телефонына хабарласыңыздар.

ТО ПД-нің баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер