Түркістан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында «Инстаграмм» қолданушыларының бірінің парақшасында Сайрам ауданының жолдарында көлігіне рұқсатсыз жарық құрылғысын орнатып алып жүрген бейнежазбаны анықтады.
Аталған бейнематериал бойынша тексеру жұмыстарын жүргізу кезінде бейнекамераға түскен «Лада Приора» маркалы автокөлігінің иесін анықтады.
ЖҚЕ бұзған тұлғаға ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 2-бөлігі «Мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi (белгiсi) жоқ немесе пайдалануға тыйым салынғаннан кейiн немесе белгiленген тәртiппен тiркелмеген көлiк құралын басқару», 590-бабының 5-бөлігімен «көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынатын ақаулары мен жағдайлар бар көлiк құралдарын басқару», 603-бабының 2-бөлігімен «Арнайы жарық және (немесе) дыбыс сигналдарын беруге арналған құрылғыларды (күзет сигналын беруді қоспағанда) көлiк құралына тиiстi рұқсатсыз орнату» хаттама толтырылып, заңды шешім қабылдау үшін Сайрам аудандық сотына жіберілді.
Түркістан облысы ПД-нің полицейлері автокөлік иесі мен азаматтарды жол қозғалысы ережелерін бұзбауға,оның ішінде жылдамдықты асырмауға, қарсы жолға шықпауға және қашықтықты сақтауға шақырады.
Жүргізушілер есіңізде болсын,сіздің жолдағы қауіпсіздігіңіз,сондай-ақ сіздің жолаушыларыңыздың және басқа жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығы ЖҚЕ сақтауына байланысты.
ТО ПД баспасөз қызметі