Білімін жетілдірген полицей елге қызмет етуде

Screenshot_10.jpg

Түркістан облысының полицейі Дәурен Сартаев Ресей Федерациясында 6 елдің полицейлерімен бірге білімін жетілдіріп келді. Бұл туралы Полиция департаменті хабарлады.

Халыққа мүлтіксіз қызмет ету үшін полиция қызметкерлерінің әрқашан заңды жетік біліп, сол жолда білімін жетілдіріп, тәжірибе алмасып отырғаны аса қажет. Сондықтан ҚР Ішкі істер министрлігінің тапсырмасымен Түркістан облысы Полиция департаментінің полицейлері республикамыздағы, одан соң шет елдердегі жоғары оқу орындарына барып, оқып келуде. 

Солардың бірі -- Түркістан облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының полиция қызметкері, аға жедел уәкіл, полиция майоры Дәурен Сартаев. 

Ол жақында ғана Ресей Федерациясының астанасы Мәскеу қаласындағы «Всероссийский институт повышения квалификации сотрудников МВД России» оқу орнына барып, арнайы курсты тәмамдап келді. 

Қазақстан Республикасынан барған Дәуренмен бірге Пәкістан, Африка, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Ауғанстан елдерінің тәртіп сақшылары да болған. 

Елдің амандығы мен халықтың қауіпсіздігі жолында қызмет етіп жүрген сақшылар Ресей институтының тәжірибелі ұстаздарынан білім алып, тәжірибе алмасты. Қылмыс ашуда уақытпен жарыса дамып жатқан соңғы технологиялар мен методикаларды меңгеріп, үйреніп қайтты. Дамыған елдердің қылмысты жедел ашудағы кәсібиліктерін көріп, пікірлесті. 

«Естіген құлақтан, көрген көз артық» демекші, тәртіп сақшысы Дәурен Сартаев шет елдің ішкі істер саласының қызметін көріп, өзі секілді сақшылармен дидарласты. Мағлұматтармен бөлісті, қызметіне қажетті сұрақтардың жауабын алды. Бастысы талай жыл қауіпті қызметте жүріп, атышулы қылмыстарды ашқан тәжірибелі басшылардың ақыл-кеңестеріне қанықты. ВИПК МВД РФ бастығы полиция полковнигі Андрей Скивтеристің қолынан «Есірткі және синтетикалық есірткі қылмысына қарсы қосымша курсын» тәмамдағаны үшін арнайы сертификатты алды. 

Түркістандық полицей Дәурен де өз қызметінің нағыз маманы. 2011 жылдан бері ішкі істер саласында антына адал, халқына қалтқысыз қызмет көрсетіп келеді. Еңбек жолын анықтаушы қызметінен бастаған полицей, біртіндеп     патрульдік полиция полкінде, тергеуші, жедел уәкіл, сонымен қатар Алматы қаласы Полиция департаменті Өзіндік қауіпсіздік басқармасының бөлім бастығы, Маңғыстау облысы Полиция департаменті ӨҚБ бастығының орынбасары, ал бүгінде Түркістан облысында аға жедел уәкіл лауазымында қызметін жалғастыруда.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер