Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады

кабденов.jpg

Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов азаматтарды қабылдады. Жеке қабылдауға  облыстың 15 тұрғыны келіп, мәселелерін айтып, шешілмей жүрген көкейтесті арыз-шағымдарын жеткізді.

Сарыағаштық С.Тойшыбекқызы ұрлық мәселесін көтерсе, Н.Нұрланқызы алаяқтық жасағандарға қатысты шара көруді сұранды. Ал, Сарыағаш қаласының тұрғыны Т.Диханбаев Сарыағаш АПБ-де қызмет атқаратын қызын басқа бөлімге ауыстыруы жөнінде өтініш берді. 

жер.jpg

Төлеби ауданының бір топ тұрғыны Өндірістік кооперативтерге қатысты жер дауын көтерді. Қариялар 2015 жылдан бері айтылып келе жатқан қылмыстық іс әрекеттің ұзаққа созылып жатқандығына наразы. Мұрат Қабденов тұрғындар тарапынан айтылған барлық мәселелерді мұқият тыңдады. Әрбір арыз-шағымға кең көлемде жауап беріп, кеңесін айтты. Кей мәселелердің шешілуін өз бақылауына алып, тиісті басшы құрамға тапсырма беріп, алдағы уақытта назарда ұстайтындығын жеткізді.

– Біз бүгін жер дауына қатысты қордаланған мәселемізді генералға жеткіздік. Департамент бастығы бізді жақсы қабылдап, сөзімізге мұқият құлақ түрді. Содан мәселенің шешілуін назарға алатынын айтты. Орынбасары А.Қалдарбековке тапсырма беріп, біздің істі бақылауға ұстайтынын жеткізді. Сұрағымызға қанағаттанарлық жауап алдық. Мұрат Қабденовке сенім артамыз, – дейді төлебилік тұрғын Ғалымжан Ибрагимов.

Облыстың бас полицейі мұндай қабылдауларды аптаның әр сәрсенбі күні тұрақты түрде өткізіп келеді.  Мақсат – полиция мен халық арасындағы кері байланысты нығайту, ашықтықты қамтамасыз ету.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер