Қылмыс аз тіркелетін облыс

1eb81628-d39a-4939-a501-349005d52e7f.jpg

Екі миллионнан астам халқы бар Түркістан облысы қылмыс ең аз тіркелетін өңір атанып отыр. Өткен жылдың 12 айында облыста қылмыстық құқық бұзушылық 28 пайызға, ал қылмыс саны 30,3 пайызға азайған. Бұл туралы Түркістан облыстық Полиция департаментінің басшысы Қайрат Дәлбеков кешегі күні есеп беру жиынында айтты. 

Негізінен түркістандық тәртіп сақшыларының еңбегін әлеуметтік желі арқылы хабардар болуға мүмкіндік бар. Таяқтың екі ұшы бар секілді Facebook парақшаларында тек оң имиджді материалдар ғана емес, ашылған қылмыстарды бүкпесіз жариялап отырады. Бұл бір жағынан өзге де басқармаларға үлгі боларлықтай әрекет. Әрі құқық бұзғандар мен қылмыскерлердің заңсыз ісіне тосқауыл қоюға да мүмкіндік бар.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы жылға қойылған жоспар бойынша Полиция Департаментіне үш бағытта жұмыс істеуді қолға алу керектігін айтқан еді. Олар: есірткі саудасының алдын алу, мал ұрлығын жол бермеу және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Бүгінде Түркістан облысында осы үш бағытта жұмыстар жүйелі атқарылуда. Нәтижесінде есірткі бойынша 418 қылмыс ашылып, оның ішінде аталған затты сатудың 69 жайт анықталды. Заңсыз айналымнан алты жарым тонна есірткі тәркіленді. Ал жол апаттарының алдын алуда полицейлердің жолдарды патрульдеу, жиі ұйымдастырылып жатқан профилактикалық және рейдтік шаралар әрбір көлік иелеріне түсіндіру жұмыстары қарқынды жүруде. 2020  жылдың ішінде жол апаты 8,7 пайызға төмендеді. Жарақат алғандар 14,2 пайызға, қайтыс болғандар 5,8 пайызға азайған және соңғы уақытта көлікті мас күйде айдағандар да ұсталып, қамауға алынуда. Олар  көлік жүргізушілік куәлігінен айрылды. Өткен жылдың есебі бойынша мас хәлде көлік айдаған 982 тұлға анықталған. Үшінші бағыт-мал ұрлығын ашу бойынша атқарылған жұмыстарды Қайрат Дәлбеков тарқатып айтты. 

Облысымызда негізгі кәсіп мал шаруашылығы болса, бүгінгі таңда мал ұрлығы қылмысы 52 пайызға азайып отыр. Бүгінгі күнге дейін дәл осындай қылмыспен айналысқан 25 топ ұсталды. Қора жайларды дұрыс бекітпеу, қойларды қараусыз жіберу сынды жауапсыздықтан соң ұрлықтың тыйылмауы орын алады. Сондықтан 2020 жылы Әкімшілік кодекстің 460 бабы, ветеринария саласындағы заңнамасын бұзу жайттары бойынша 836 іс анықталды. Малдың қараусыз, жолдың жайында жайылып жүргені үшін мал иелеріне де әкімшілік іс қаралған, - дейді бас полицей.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер