Жоғалған ер азаматтың кісі қолынан қаза болғаны анықталды

Түркістан облысы Сайрам аудандық полиция басқармасына 14.03.2021 жылы түнгі сағат 23:00 шамасында жергілікті әйел тұрғын күйеуінің із-түссіз жоғалғаны туралы айтып, арызданады. Сайрамдық сақшылар арызды бірден тіркеп, жоғалған азаматты іздестіруге кіріседі. Жан-жаққа бағыттамалар беріліп, аудандық полиция басқармасының жеке құрамы жұмылдырылады. Аудандағы такси жүргізушілерінен және көруі мүмкін деген тұрғындардан сұрақ-жауаптар алынады. 

image.png

Осындай атқарылған ауқымды жұмыстардың нәтижесінде аудан полицейлері күдіктінің ізіне түседі. Оның түр-тұлғасын анықтап, жоғалған ер азаматтың танысы екенін біледі. Күдікті Сайрам ауданындағы Қарамұрт ауылының тұрғыны болып шықты. Ол өз кінәсін мойындамай, жауаптан жалтаруға тырысады. 

Алайда полицейлер дәлелдер мен айғақты заттарды жинақтап, жоғалған азамат өзінің «БМВ» көлігін тастап, тек осы күдіктімен жолыққанын және күдіктінің көлігіне отырып кеткенін толығымен дәлелдеп шығады. Осыдан соң барып, күдікті өз кінәсін толық мойындайды. 

Тексеру барысында белгілі болғандай, жоғалған ер азамат өзінің танысындағы ірі көлемдегі ақшасын алу үшін жолыққан. Күдіктінің көлігіне отырып, жолда кетіп бара жатып екеуінің арасында дау жанжал туындаған. Нәтижесінде қарызды қайтарғысы келмеген күдікті ер азаматты аяусыз қылқындырып, жер жастандырған. Ал мәйітті өзінің бұрынғы жұмыс істейтін орны, карьердің маңына ауыр қылмысын жасыру мақсатында көміп тастаған.   

Күдікті ер азамат қамауда. Ол бұрын сотты болмаған. Бүгінде оған қатысты ҚР ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігімен «Адам өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Істің толық мән-жайы тергеу барысында анықталатын болады. 

Сурет ашық дереккөзден алыннды

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер