Бес адамның өліміне себепші күдікті құрықталды

Түркістан облысы ПД Тергеу басқармасының өндірісінде Түркістан қаласының жергілікті тұрғын үйлерінің бірінде улы газбен уланып, 5 адамның қаза болуына байланысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. Аталған жайт Түркістан қалалық полиция басқармасында СДТБТ-ға ҚР ҚК-нің 292-бабы 3-бөлігі "Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу" бойынша тіркелді.

image.png

Полиция қызметкерлері болған оқиғаның ауырлығы мен қоғамдық резонанс тудыруына байланысты жедел-тергеу шараларын атқарды. Оның ішінде сараптамалар тағайындалып, куәгерлерден жауаптар алынып, қажетті деген барлық жұмыстар жүргізілді. 

"Улы газдан бір отбасының бес бірдей мүшесі қаза болып, біздің облыста үлкен резонанс  тудырды. Түркістан облысы Тергеу басқармасымен аталған жайтқа байланысты ҚР ҚК-нің 306-бабы "қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтерді көрсету" бойынша сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жүргізілуде. Бүгінгі таңда бұл қылмысты жасады деген күдіктілердің бірі Түркістан қаласының тұрғыны ұсталды. Ол газ орнату фирмаларының бірінде директор. Тиянақты жүргізілген тергеу жұмыстарының аясында оның іске қатысы бар екені дәлелденді. Біз күдіктілер санының артуын жоққа шығармаймыз. Сондықтан тергеу жалғасады.», - деп атап өтті ТО Полиция департаменті Тергеу басқармасының бастығы Нұрмахан Жалғасов.

Естеріңізге сала кетейік, ақпан айының соңында Түркістан қаласындағы жер үйлердің бірінде бес адам, яғни әйел мен оның төрт баласы қаза тапқан. Қазаның себебі – улы газдан улану. Оқиға орнына Түркістан облысы Полиция департаменті бастығы, ТЖД бастығы, әкімдік және басқа да қызмет өкілдері барған болатын. Тергеу барысын Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев жеке бақылауына алды.

Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Түркістан облысының полицейлері азаматтарға мұқият болуды және газ жабдығы мен пешпен жылытудың сапасын қауіпсіз пайдалану тұрғысынан жіті тексеруді ұсынады. Үйді жылыту құрылғысы немесе мұржаның ақауы болып күмән туындаса, сол саланың маманын шақырыңыз. Барлық қажетті деген сақтық шараларын сақтаңыздар!


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер