Тұрғындарды алдаған алаяқ тұтқындалды

Бүгінде алаяқтық қылмысы кең таралуда. Ал, тәртіп сақшылары аталмыш қылмыстың алдын алып, болдырмауда, алаяқтарды ұстауда қарқынды қызмет атқарып келеді. Мәселен, мына жайтта алаяқ өзін белгілі қызметкер ретінде таныстырып, мемлекет тарапынан қайтарымсыз ақша алып беремін деп тұрғыннан 500 мың теңге алып қалтасына басқан.

image.png

Келес АПБ-не жергілікті тұрғын арызданып келеді. Оның айтуынша, сырттай танысы «кәсіпкерлерге арналаған грантты жеңіп  5 миллион теңге алып   беретінін  айтқан. Грантты жеңіп алу үшін алдын ала  кәсіпкерлікке ақша құю керек деп,  тұрғыннан   500 мың теңге  алған. Алайда 1 айдан астам уақыт өтсе де, ешқандай нәтиже шықпаған. Алаяқ не көмек ақшаны шығарып бермеген, не тұрғынның өз ақшасын қайтармаған. Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеп, шұғыл іздестіру жұмыстарын бастады. Нәтижесінде тәртіп сақшылары күдікті азаматты жергілікті мекенжайынан ұстап бөлімшеге жеткізді. Қазіргі таңда ұсталған күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүруде.

Тергеу барысында анықталғандай, күдікті тұрғынға жалған ақпарат беріп сеніміне кірген. Сондай-ақ күдікті азаматтың бұрын кәсіпкерлікте жұмыс істегені белгілі болды. Сонымен қатар, ер адамның бұл қылмыстық іс-әрекетпен шектелмей, тағы басқа да  азаматтардан дәл осындай алаяқтық жолмен ірі көлемде ақша алғаны анықталды. Жалпы жәбірленушілерге келтірілген шығынның көлемі 500 мың теңгені құрады. Бүгінгі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдыры жүргізілуде. Күдіктінің бас шарасы қамауда.

Түркістан облысының полицейлері кезекті рет ескертеді: алаяқтардан әрдайым сақ болыңыздар! Олар өз олжасына қол жеткізу үшін, түрлі айла-амалдарды қолданады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер