Полицейлер адасып кеткен қос бүлдіршінді тапты

Түркістан ҚПБ-ның қызметкері полиция капитаны Марат Сұлтанханұлы Омаров өзінің міндетін атқару кезінде, жол бойында адасып, жылап тұрған қос бүлдіршінді байқайды. Тәртіп сақшысы небары 7 және 3 жастағы балалардың жанына келіп, олардан тұрғылықты мекенжайлары мен қандай да бір мәлімет білуге тырысады. Бірақ жылағаннан шаршаған балалар үрейленіп, нақты мәлімет бере алмайды. Балалардың адасып кеткенін түсінген тәртіп сақшысы оларды Түркістан қалалық полиция басқармасына жеткізеді. Ол жерде тамақтандырып, арнайы психолог мамандарымен бірге әңгімеге тартып, жұбатады.  

Осыдан соң барша жергілікті полиция қызметінің полицейлеріне хабар беріліп, бүлдіршіндердің суреті жолданып, ата-анасын іздестіре бастайды. 

Осылайша бірнеше сағаттың ішінде балалардың жақындары анықталды. Олар полицияға арызданбастан, өз еріктерімен 7 жасар қызы мен 3 жасар ұлын іздеп жүрген екен.   

Белгілі болғандай қос бүлдіршін ойнап жүріп, адасып, үйінен 15 шақырым жерге дейін алыстап кеткен. Полицейлер олардың іздеп жүрген қос бүлдіршіндерінің табылғанын айтқанда, анасы қуанып, полиция қызметкерлеріне ризашылығын жеткізді. 

«Ұлым мен қызым үйден шығып кетіп, жоғалып қалған еді. Түркістан қалалық полиция қызметкерлеріне көп-көп рақмет. Алла разы болсын, өз жұмысына адал жандар...», -деп жүрекжарды сөзін арнады. 

Түркістан облысының полицейлері барша азаматтарға балаларға абай болып, сыртқа ойнауға шыққанда қараусыз қалдырмау керектігін ескертеді. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер