Түркістан облысы Қазығұрт аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің және Қазығұрт аудандық «Jas Otan» ЖҚ-ның ұйымдастыруымен қыркүйек айының екінші жексенбісі – Отбасы күніне орай, Жігерген ауылы округінің «Ардагерлер кеңесі» жанынан құрылған «Әжелер алқасымен» бірлесе, «Диқан» ЖОББМ-де «Отбасы – бақыт мекені» атты жас отбасылардың қатысуымен іс-шара өткізілді.
Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды» деп ұлттық жаңғырудың негізгі алғышарттарын айқындап берді. Демек көне дәуірлерден бастау алатын, өзінің тарихи тәжірибесінен, игі салт, ізгі дәстүрлерінен мүлдем қол үзген қоғамда жаңғыру немесе жаңару мүмкін емес. Халқымыздың осындай тамыры терең кеткен, тарихымен бірге жалғасып келе жатқан рухани байлықтарының бірі отбасы құндылықтары. Тіпті біздің рухани құндылықтарымыздың негізі де осы отбасылық дәстүрімізде жатыр десек қателеспеген болар едік.
Аталмыш мереке қарсаңында Қазығұрт аудандық «Jas Otan» ЖҚ-ның төрағасы Ақтөре Қайрат іс-шараға қатысып отырған жандарды мерекемен құттықтап, отбасыларына бақ пен береке тіледі. Сонымен қатар, алғаш болып тақырып төңірегінде сөз бастаған, «Әжелер алқасының» төрайымы Баян Райымбекова отбасы құндылықтары жайында әңгіме қозғады. Құдайбергенова Сайлаукүл іргесі берік отбасы болу үшін, алдымен, сенім керек екендігін жеткізді. Ал, Құралова Райхан өзі ұстаздық қызмет атқарған «Абай» ЖОББМ-де «Домалақ Ана» мұражайын ашқандығын, бұның өзі анаға деген үлкен құрметтің көрінісі екендігін айтып өтті. Алшериева Гүлдана «Біз ең алдымен бала тәрбиесіне көп көңіл бөлуіміз қажет. Қызға қырық үйден, ұлға отыз үйден тыйым деген дүниелердің ұл-қыздарымызға күнделікті дастархан басында айтып, дұрыс бағыт көрсетуіміз керек»,- деді. Халқымызда «Отан отбасынан басталады» деген қарапайым қағ謬дат қай дәуірде болсын өзгер¬ген емес, өзгермек те емес. Елбасы «От¬басы – Қазақстан қоғамы¬ның дің¬гегі, экономикадағы, мәдениет¬тегі, әлеуметтік саясаттағы барлық жаңа жетістіктерінің негізі» деп бұл мәсе¬ленің біздің қоғам үшін маңы¬зын көрсетіп берді.
Абдиева Жанат «Мен бүгінгі мереке қарсаңында сіздермен жүздесіп отырғаныма қуаныштымын. Бұрын біздің кезімізде мұндай дүниелер болмайтын. Қазіргі таңда арнайы бір күнді отбасы күні деп белгілеп, бізді осындай керемет іс-шараға шақырып отырған сіздерге алғыс»,- деп өз ризашылығын білдірді.
Тәуелсіздік жылдарында отбасы құндылықтарын нығайту бағы¬тында қыруар шаруа атқа¬рыл¬ды. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың бәсекеге қабілетті ұлт, бақытты отбасы, саналы да білім¬ді ұрпақ қалыптастыруға бағыт¬талған сындарлы саясатының нәти¬ж¬есінде ана мен баланы қолдау бойын¬ша бағдарламалық құжаттар, гендер¬лік теңдікті сақтау стратегиясы қабылданып, мемлекеттік деңгейдегі отбасылық саясатта тұтастай жүйе қалыптасты. Басқасын айтпағанда көп балалы отбасыларды әлеуметтік қорғау бағытындағы мемлекеттік жәрдемақы түрлерінің әр жыл са¬йын артып, көптараптанып келе жатқанын аңғару қиын емес.
Бұл іс-шараның негізгі мақсаты - қазақ қоғамындағы отбасы рөлі қандай, отбасындағы ата-ананың алатын орны, бала тәрбиелеуде нені ескерген жөн, шаңырақ шайқалмау үшін не істеу керек, ене мен келін арасындағы байланыс, жас отбасылар нені білуі керек деген сынды сұрақтар төңірегінде пікір алмасулар болды. Іс-шара соңында, аяулы әжелер жас отбасыларға ақ баталарын берді.