Бәйдібек АПБ-ның ЖПҚ патрульдік полиция тобының инспекторы полиция лейтенанты Берік Райханов түнгі ауысымда патрульдеу жұмыстарында жүргенінде, кезекті заңға қайшы әрекет еткен тұрғынды анықтады. Полицей, түнгі сағат 02:00 шамасында Шаян ауылында жол бойында тоқтап тұрған көлікті көріп, күдік тудырғаннан кейін жанына барып, жүргізушінің жай-күйін сұрайды. Тексеру кезінде жүргізушінің қалтасынан қағазға оралған есірткіге ұқсас, өзіне тән хош иісі бар зат табылады.
Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 296-бабы «Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау» бойынша СДТБТ-ға тіркеді. Жүргізушіден айғақты зат тәркіленіп, сараптамаға жолданды. Сараптаманың қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат 3 грамға жуық «кептірілген марихуана» екендігі анықталды. Қазіргі таңда орын алған оқиғаға байланысты құжаттар жинақталып, тиісті шара көрілуі үшін іс өңделуде. Одан бөлек, тұрғынның сол сәтте есірткілік мас күйде екендігі анықталды. Тергеу барысында күдікті азамат есірткіні өзі пайдаланбақ болғанын мойындаған. Бүгінгі таңда ер адамның бас шарасы қолхатта.
Түркістан облысының полицейлері жергілікті тұрғындарға есірткі заттарын пайдалануға жол бермеуге, сондай-ақ азаматтарды зиянды әдеттерден бас тартуға және салауатты өмір салтын ұстануға шақырады. Оған қоса есірткі заттарының заңсыз айналымы үшін, қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салады. Егер, сізде, есірткіні заңсыз сақтау және өткізу жайттары туралы қандай да бір ақпарат болса, дереу полицияға хабарласыңыз.
ТО ПД-ның баспасөз қызметі