Түркістан облысының полицейлері жайылымнан қой ұрлағандарды ұстады

Бәйдібек аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданады. Ер адамның айтуынша, оның 3 бас уақ малын жайылымнан белгісіз біреулер үптеп кеткен. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-1-бабы «Мал ұрлығы» бойынша тіркеуге алынды.   

image.png

Орын алған қылмысты ашып, мал ұрыларын ұстау үшін тез арада жедел-тергеу тобы құрылды. Тәжірибелі тәртіп сақшылары оқиға орнына жетіп, жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Жақын аймақтарды аралап, көрген-білгендерден сұрастырды. Нәтижесінде ізін суытпай күдіктінің бірі ұсталды. Ол жергілікті тұрғын болып шықты. Ал екінші күдіктіге іздеу жарияланып, ол полицейлермен 1 ай ішінде анықталып, құрықталды. 

Тергеу барысында анықталғандай, мал бағумен айналысатын екі күдікті алдын ала сөз байласып, жәбірленушінің жайылымда жайылып жүрген қойларын жымқырған. Оны көрші ауылдың тұрғынына арзан бағада сатып, түскен ақшаны бас пайдаларына жаратып жіберген. Бүгінде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, іс сотқа жолданды. Күдіктілердің бас шарасы қолхатта. 

Айта кетсек, Түркістан облысының полицейлері мал ұрлығының алдын алу мақсатында, күнделікті іс-шаралар жүргізуде. Жайылымда қараусыз жүрген мал иелерін және құжатсыз тасымалдаумен айналысатын автокөліктерді анықтау жұмыстары да назардан тыс қалмайды. Бұл бағыттағы жұмыстарға тек тәртіп сақшылары ғана емес, мал асыраумен айналысатын тұрғындар да өз үлесін қосса, ұрылардың арам пиғылын іске асыруға тосқауыл болар еді. Сондықтан төрт түлігімізге сақ болайық!

ТО ПД-ның баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер