Полицейлер жылқыңды үйретіп беремін деп, сатып жіберген күдіктіні ұстады

Төлеби аудандық полиция бөліміне Шымкенттік тұрғын арызданған. Оның айтуынша, Төлеби ауданында орналасқан мал қорасында алыс танысы 2019 жылдан бері жылқысын мінуге үйретіп беріп жүрген. 

Screenshot_8.jpg

2021  жылдың соңында жылқысын үйретіп беруге өз тұрғын үйіне алып кеткен. Нәтижесінде жәбірленуші ер адамның 4 жасар жылқысын танысы сатып жіберіп, жәбірленушіге 1 000 000 теңге материалдық шығын келтірген. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 189-бабы 1-бөлігі «Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу» бойынша СДТБТ-ға тіркеуге алды. 

Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында, Төлеби аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері күдікті бақташыны құрықтады. Ол жергілікті тұрғын жас жігіт болып шықты. Анықталғандай, күдікті  жылқыны Сайрам ауданындағы мал базарға сатып, ақшасын бас пайдасының қажеттілігі үшін жаратып жіберген. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Өз кезегінде тәртіп сақшылары тұрғындарға малдарын бейтаныс адамдарға бақтырмауға кеңес береді. Сондай-ақ, мүмкіндігінше малды таңбалап, сырғалап, ен салдыру керек. Егер, сіз де, малыңызды жоғалтып немесе ұрлатып алсаңыз, тез арада 102 нөміріне хабарласыңыз. 

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • TikTok пен YouTube жасөспірімдерге тәуелділік туғызу айыптарымен сотқа тартылады
  • ШҚО-да кәсіпкерлерге 140-қа жуық заңсыз тексеру жүргізілген
  • ҰҚК 4,5 млрд. теңге алаяқтық жасаған OrdaMed басшылығын құрықтады
  • Қазақстандықтардың үкіметке сенімі азайып барады
  • Трамп Давоста Зеленскиймен кездесуі қалай өткенін айтты
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер