Полицейлер Ұлы отан соғысы ардагері мен тыл ардагеріне арнайы барып, сый-сияпат көрсетті

Ұлы отан соғысына қатысып, ерлік көрсеткен батырларымыз біз үшін әрдайым заңғар тұлға. Ал аман-есен соғыстан қайтып, ақсақалдық жасқа жетіп, елдің қазынасына айналып отырған қарттарымызға құрмет орасан зор.

Screenshot_9.jpg

Сол санаулы қалған Ұлы отан соғысы ардагерлерінің ішінде Қалмен Мұратов та бар. Бүгінде 8 баладан 31 немере, 34 шөбере сүйіп отырған ақсақал Ордабасы ауданының тұрғыны. Аға буынға құрмет көрсетуден жалықпайтын полицейлер Ордабасы АПБ басшысы полиция полковнигі Ғалымжан Қуашбаев бастаған жеке құрам мереке қарсаңында көзі тірі батырымыздың үйіне барып, арнайы құттықтады. Данагөй қарияға бағалы сыйлықтарын  табыстады. Полицейлер арнайылап шақырған мектеп оқушылары домбырамен әсем ән шырқап, күмбірлете күй тартып, ақсақалдың көңілін көтерді. 

Сонымен қатар Ұлы жеңіс күніннің келуіне ықпал етіп, соғыстан кейінгі жылдары ел тыныштығын күзетуге адал қызмет етіп Ішкі істер органында зейнетке шыққан тыл ардагері Төленбек Юсуповқа да дәл осындай құрмет көрсетіліп, сый-сияпат жасалды. Көңілдері сергіп, бір жасарып қалған ардагерлер полицейлерге ақыл-кеңестерін айтып, өткен күндерінен аз-кем сыр шертті. Елдің қауіпсіздігі  үшін қызмет етіп жүрген тәртіп сақшыларына алғыстарын білдіріп, ақ баталарын берді.

Елдің бүгінгі сәті  кешегі күнмен тікелей байланысты. Сондықтан келешек жастарымыздың санасына тарихты сіңіріп, батырларымыздың даңқты ерліктерін үлгі ету қашанда құптарлық іс. Ендеше әрбір ақсақал, қарттарымызды қадірлей білу- үлкен міндет.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мұздыбеков пен Меңдіқұлов отпен ойнап отыр ма? - Елдегі дүрбелең осы газ дауынан басталған еді
  • Қазақстанды мұрагер елесі кезіп жүр
  • «Шетелден бір-ақ шыққан шенділер»: Елші болу өсу ме, өшу ме?
  • Дархан ҚЫДЫРӘЛІ: «Тарихқа хайппен емес, байыппен қарау керек»
  • Ирак бір жыныстыларды қатаң жазалайтын заң қабылдады(Суретті)
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер