Қазақстанды мұрагер елесі кезіп жүр

Ата Заң бойынша Қазақстанда президент жеті жыл мерзімге сайланады және оның екінші қайтара сайлауға түсуге құқығы жоқ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы мұндай жүйенің дұрыстығын, сонымен бірге бірегей екендігін бір емес, бірнеше қайтара мәлім етті. 

Screenshot_1.jpg

Тоқаев жеті жыл мерзімге 2022 жылы сайланды.  Оның президенттік мерзімінің аяқталуына әлі бес жыл бар. Бірақ осыған қарамастан сарапшылар арасында келесі Президенттің кім болатындығы жөнінде пікірталастар басталып кетті.  Қазақстанды мұрагер елесі кезіп жүр. 

Осы тақырыпты жуырда Stan.kz порталы сарапшылардың пікірін білген екен. Саясаттанушы Данияр Әшімбаев келесі президент "билік партиясының" кандидаты, жеткілікті тәжірибелі саясаткер болуы керек деп есептейді. 

 "Әлеуметтік желіде Қасым-Жомарт Тоқаевтың ізбасарлары болуы мүмкін деген шағын пікірталас болды. Мемлекет басшысы 2022 жылы бір 7 жылдық мерзімге сайланды, яғни 2028 немесе 2029 жылы президент сайлауы өтуі керек. Логикалық тұрғыдан алғанда, "билік партиясының" кандидаты, жеткілікті тәжірибелі саясаткер (әкім әрі министр ретінде де тәжірибесі мол), қоғамда жеткілікті танымал және құрметті, харизмасы бар, ешқандай дау-дамайға қатысы жоқ адам болуға тиіс", – деді саясаткер. Оның айтуынша, қалай болғанда да, президенттің келешек үміткерді таңдауға әлі көп уақыты бар. "Былайша айтқанда, тізім бара-бара қысқара береді. Бүгінде дәл осы өлшемдерге Ерлан Қошанов, Қанат Бозымбаев және  айтылып жүрген Иманғали Тасмағамбетов сай келеді. Алғашқы екеуі Тоқаевтың командасына кіреді және жалпы оның бағытын жалғастырады. Дегенмен қалай болғанда да президенттің келешек үміткерді таңдауға әлі көп уақыты бар", – деп түсіндірді Данияр Әшімбаев.

 Саясаткер Ербол Еділов те президенттікке кімдер кандидат болуы мүмкін екенін айтып көрді. Ол қазіргі үкімет басшысын, сыртқы істер министрін кандидаттар тізімінен көруге болады деп отыр. 

“Бұл қатарға қазіргі үкімет басшысы Олжас Бектеновті, премьер-министрдің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеуді айтуға болады. Президент әкімшілігінің басшысы, мемлекет басшысының кеңесшісі секілді кісілерді атап өте аламыз”, – деді Ербол Еділов. Оның сөзінше, қазір елімізде инвестия және экономика жағынан қарқынды жұмыстар жүзеге асырылып жатыр.  “Қазіргі президенттің бағытын ұстайтын адамды айту әлі ерте. 2029 жылға дейін әлі қанша уақыт бар. Біз қайда асығып жатырмыз? Осы уақыт аралығында “жаңа фигуралар” шығуы мүмкін. Енді мемлекет басшысының командасындағы жақтастарының бірі болатыны анық”, – деді Ербол Еділов. 

Алайда политолог Ғазиз Әбішев қазіргі президент өзінің саяси бағытын жалғастыруға ұмтылатынын атап өтті. 

 “Сондықтан мемлекет басшысы қолайлы болуы үшін үшінші президент болып саналатын мұрагерді тағайындайды. Ол кандидаттың қолында айтарлықтай экономикалық, қаржылық, саяси, әкімшілік, бюрократиялық, идеологиялық ресурстар болуы әбден мүмкін. Демек, негізгі сценарийлердің бірі – сабақтастық. Бұл өткір саяси күресті жоққа шығармайды. Күшті оппозициялық кандидат та шығуы мүмкін. Қазіргі жағдайдың түбегейлі өзгеруі де ықтимал”.  “Президенттікке үміткер 45 пен 68 жас аралығындағы қазақ азамат болуға тиіс. Қазірдің өзінде жауапты саяси қызметте жүрген, ана тілін жетік меңгерген. Сонымен бірге қазіргі президенттің одақтасы және бюрократиялық, қаржылық, әлемдік элитаға қолайлы ымырашыл тұлға болуы керек. Бірақ алдын ала тон пішіп кім болатынын нақты айту қиын”, –деді Ғазиз Әбішев.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мұздыбеков пен Меңдіқұлов отпен ойнап отыр ма? - Елдегі дүрбелең осы газ дауынан басталған еді
  • Қазақстанды мұрагер елесі кезіп жүр
  • «Шетелден бір-ақ шыққан шенділер»: Елші болу өсу ме, өшу ме?
  • Дархан ҚЫДЫРӘЛІ: «Тарихқа хайппен емес, байыппен қарау керек»
  • Ирак бір жыныстыларды қатаң жазалайтын заң қабылдады(Суретті)
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер