Сауда және интеграция вице-министрі тағайындалды

image.png

Үкіметтің қаулысымен Әсет Ілиясұлы Нүсіпов Сауда және интеграция вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

1983 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Иллинойс технологиялық институтын (АҚШ) бітірген.

Еңбек жолын 2004 жылы Алматы қаласында «Ұлттық инновациялық қор» АҚ менеджері болып бастаған.

2006 жылдан 2008 жылға дейін «Flagship Ventures» венчурлық капитал фирмасының Венчурлық жобаларды қаржыландыру департаментінде (АҚШ), Вашингтон қ. (АҚШ) «Small Enterprise Assistance Funds» халықаралық инвестициялық фирмасында тағылымдамадан өтті.

2008 жылдан 2010 жылға дейін «Қазақстан инвестициялық қоры» АҚ жобалық менеджері, Дүниежүзілік банкіндегі Орталық Азиядағы өкілдігінің консультанты, Қазақстан Республикасындағы Азия даму банкі өкілдігінің консультанты, «Әлемдік экономиканы зерттеу орталығы» ЖМ директорының орынбасары болып жұмыс істеді.

2010–2015 жылдары — Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығының инспекторы, сектор меңгерушісі, Астана қ.

2015–2021 жылдары — Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің жалпы қауіпсіздік мәселелері бөлімінің сектор меңгерушісі, Астана қ.

2021–2023 жылдары — Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің жалпы қауіпсіздік мәселелері бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Астана қ.

2023 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін — Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің өзекті қауіпсіздік мәселелері бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Астана қ.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мемлекет басшысы жаңадан тағайындалған Қорғаныс министрін қабылдады
  • Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев 11 жылға сотталды
  • Министр ел бюджетінің донор өңірлерін атады
  • Қазақстан ресми түрде апорттың отаны болып мойындалды
  • Тоқаевты туған күнімен кімдер құттықтады?
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер