Қазақстанда мобильді аударымдарды тексерудің ең төменгі шегі 1 миллион теңгеге дейін көтерілмек

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов Қазақстанда мобильді аударымдар бойынша мониторинг жасалатын шекті соманы 255 мың теңгеден 1,2 миллион теңгеге дейін ұлғайту мәселесі талқыланып жатқанын мәлімдеді. 

Фото: Мемлекеттік кірістер комитеті

Вице-министрдің айтуынша, қазір мобильді аударымдарды бақылау үшін шекті соманы өзгерту жоспары қарастырылып жатыр. 

Жаңа критерий бойынша үш айда ай сайын 100-ден астам төлем жасалып, жалпы сомасы 1 миллион теңгеден асатын аударымдар бақылауға алынады. Бұл көрсеткіш қазір 12 айлық есептік көрсеткішке тең, яғни 1,02 миллион теңге (айына 333 мың теңге).

Біржановтың айтуынша, бұл шешім ұлттық банкпен бірлесіп қабылданған. Қазір тек техникалық жүзеге асыру мәселесі қарастырылып жатыр. Банктерден жауап алынып, жақын арада осы жүйе іске қосылады.Еске салайық, бұған дейін "Ақ жол" партиясының депутаттары ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің атына депутаттық сауал жолдады. Олар мобильді аударымдарды тексеру үшін белгіленген шекті қайта қарау қажет екенін ұсынды. "Ақ жол" партиясы басшысының сөзінен мәжілісмендердің азаматтардың мобильді аударымдарын бақылау әдістеріне көңілі толмайтыны анық болды. Перуашев мобильді аударымдарды бақылаудың бизнеске қысым түсірмейтін, анағұрлым либералды баламалары бар екенін айтты.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Трамп: Байден – АҚШ тарихындағы ең нашар президент
  • Қасым-Жомарт Тоқаев №2 Оқушылар сарайын аралап көрді
  • 2029-2030 жылдары Ұлттық қорды 100 млрд долларға толтыру керек – Жұманғарин
  • Украинаның Еуропалық Одаққа қосылуына кімдер қарсы?
  • Шетелдегі қарулы қақтығыстарға қатысатын қазақстандықтарға қандай жаза қолданылады?
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер