Болат Жәмішев "Қазақстан халқына" қорының төрағасы қызметінен кетіп, орнына жаңа басшы тағайындалд

"Қазақстан халқына" қоғамдық әлеуметтік қорының төрағасы Болат Жәмішев қызметінен кетті. Орнына Ләззат Шыңғысбаева жаңа басшы болып тағайындалды. 

Фото: gov.kz

Айта кетейік, "Қазақстан халқына қоры" 2022 жылы құрылып, оны содан бері Болат Жәмішев басқарып келеді.

Болат Жәмішев өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты қордағы жұмысын тоқтату туралы шешім қабылдады.

"Қазақстан халқына" қорының мәліметінше, Болат Жәмішев басшылық кезінде "қордың құрылуы мен дамуына зор үлес қосты". Қор 104 қайырымдылық бағдарламасы мен жобасына бастамашы болды, оның 62-сі іске асырылды.

"Қорда жұмыс істеу мен үшін үлкен мәртебе және жауапкершілік болды. Біздің бастамамызда қорды қолдағандардың барлығына шын жүректен алғыс айтамын. Бірге айтарлықтай нәтижелерге қол жеткіздік және қор алдағы уақытта да дами беретініне сенемін.  Барлық серіктестерге, донорларға және қызметкерлерге ортақ игі ісімізге қосқан үлесі үшін алғыс айтамын", – деді Болат Жәмішев.


"Қазақстан халқына" қоғамдық қоры Қамқоршылық кеңесінің шешімімен қоғам қайраткері, Қазақстандағы қайырымдылық, әлеуметтік жобаларды басқару және Үкіметтік емес ұйымдарды институционалдық дамыту саласындағы сарапшы Лаззат Шыңғысбаева төраға болып сайланды. 

Бұған дейін Шыңғысбаева "Қазақстан халқына" қоры басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған. "Ерен еңбегі үшін" және "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Құрметті қызметкері" медалдарымен марапатталған.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • “Тағы ұрланса, күлкіге қаламыз“. Антикор қайтарылған активтер туралы
  • Жемқорлық бойынша Қазақстан халықаралық рейтингте қай орында?
  • Министр енді мал шаруашылығына субсидия берілмейтінін айтты
  • Дональд Трамп Путинмен телефон арқылы сөйлесті
  • Министр: Биология, информатика, ағылшын, қазақ тілі мұғалімдері әлсіз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер