Қазақстан Тәжікстанға 5 мың тонна мазут мен азық-түлік берді

image.png

Еліміздің Тәжікстандағы Елшілігі тәжік тарапына гуманитарлық көмекті тапсыру ресми рәсімі өткенін хабарлады. 

Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Уәлихан Төреханов Тәжікстан үкіметі жанындағы Мемлекеттік материалдық резервтер агенттігінің директоры Нурмахмад Ахмадзодаға 5 мың тонна мазут сертификатын табыс етті.

Қазақстан Елшісі екі ел арасындағы стратегиялық қарым-қатынастар шеңберінде Қазақстан басшылығы Тәжікстан Республикасына 871,9 млн теңге (шамамен $1,67 млн) көлемінде гуманитарлық көмек көрсету туралы шешім қабылдағанын атап өтті.

Сонымен қатар, 144,5 млн теңгеге ($276 мың) азық-түлік өнімдері (67 тонна өсімдік майы, 50 мың дана сүт консервілері және 325,6 тонна қарақұмық жармасы) табыс етілді.

Гуманитарлық көмек «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігінің ықпалдасуымен көрсетілді және энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан үлес, сондай-ақ қазақ-тәжік ынтымақтастығына тән тату көршілік пен өзара тиімділіктің көрінісі болып табылады.

Соңғы 5 жылда Қазақстан тарапының Тәжікстанға жеткізген гуманитарлық көмегінің көлемі шамамен 20 млн долларды құрады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • TikTok пен YouTube жасөспірімдерге тәуелділік туғызу айыптарымен сотқа тартылады
  • ШҚО-да кәсіпкерлерге 140-қа жуық заңсыз тексеру жүргізілген
  • ҰҚК 4,5 млрд. теңге алаяқтық жасаған OrdaMed басшылығын құрықтады
  • Қазақстандықтардың үкіметке сенімі азайып барады
  • Трамп Давоста Зеленскиймен кездесуі қалай өткенін айтты
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер