Қазақстан халқының нақты саны жарияланды

2021_10_25_5ebe56e54fa75644242879.jpg

Ұлттық статистика бюросы 2025 жылдың 1 қаңтарындағы Қазақстан халқының санын жариялап, елдегі ең халқы көп өңірлерді атады, - деп хабарлайды  RGmedia.kz тілшісі.

Бюро мәліметінше, жылдың басында Қазақстанда 20 286 084 адам тұрған. 2024 жылы қазақстандықтардың саны 252 242 адамға артқан.

Республикадағы үш қала мен төрт облыста миллионнан астам адам тұрады. Ең халқы тығыз орналасқан өңірлер – Алматы мен Түркістан облысы, онда тиісінше 2 292 333 және 2 154 334 адам тұрады.

Астана (1 528 887 адам) және Алматы облысында (1 560 377 адам) 1,5 миллионнан астам адам тұрады.

Миллионнан астам халқы бар қалалар мен өңірлер қатарына:

Шымкент – 1 256 263 адам

Жамбыл облысы – 1 222 513 адам

Қарағанды облысы – 1 133 984 адам

Халық саны ең қарқынды өсіп жатқан қала – Астана. Елордада халық саны 6,91 пайызға артқан. Салыстыру үшін: Алматыда бұл көрсеткіш 2,86 пайыз, ал Шымкентте – 2,80 пайыз болды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Трамп: Байден – АҚШ тарихындағы ең нашар президент
  • Қасым-Жомарт Тоқаев №2 Оқушылар сарайын аралап көрді
  • 2029-2030 жылдары Ұлттық қорды 100 млрд долларға толтыру керек – Жұманғарин
  • Украинаның Еуропалық Одаққа қосылуына кімдер қарсы?
  • Шетелдегі қарулы қақтығыстарға қатысатын қазақстандықтарға қандай жаза қолданылады?
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер