Алмас Кішкенбаевқа қатысты сот шешімі қашан шығатыны белгілі болды

Screenshot_7.jpg

Жуырда әлеуметтік желілерде ауыр айып тағылып, полицияға жеткізілгені айтылған әнші Алмас Кішкенбаевқа қашан сот шешімі шығатыны белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алмас Кішкенбаевқа қатысты іс Алматы қаласының әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралады.

Tengrinews.kz мәліметінше, бүгін түстен кейін сот Алмас Кішкенбаевқа қатысты шешім қабылдайды. Сөз әкімшілік бап, яғни ұсақ бұзақылық туралы болып отыр.

Алмас Кішкенбаевқа ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі бойынша айып тағылып отыр. Бұл бап бойынша оған 20 АЕК (78 640 теңге) мөлшерінде айыппұл салынуы немесе 5 тәуліктен 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алынуы мүмкін.

Әншіге қандай айып тағылды?

Еске салайық, бұған дейін әнші Алмас Кішкенбаев оқушыға тиісті деген ақпарат тарады. Kozachkov offside Telegram-арнасында полицияға курьер болып жұмыс істейтін баласына Кішкенбаев есімді адам тиіскенін айтқан ер адамнан арыз түскені жазылды.

"2007 жылғы жігіт кешкі сағат 21.00-ге таман көрсетілген мекенжай бойынша үш сыра әкеліп тастауға тапсырыс алған. Ол дүкеннен сыраларды алып, оны тапсырыс берушіге апарып берген. Содан соң түсініксіз нәрсе болған. 17 жастағы жігіттің айтуынша, сыраны 40 жастағы ер адам алдыртқан. Ол алкогольді алған соң, курьерге бірге ішуді ұсынған. Содан соң ер адам 11-сынып оқушысының интимді жерін ұстағысы келген. Курьер бірден үйіне барып, әкесіне айтқан. Ал әкесі құқық қорғау органдарына барған. Полиция қызметкерлері арызда баяндалған дәлелдерді тексеру үшін сыраға тапсырыс берушінің пәтеріне барып, оны бөлімшеге жеткізді. Ер адамның аты - Алмас Кішкенбаев", - деп жазылған жазбада.

Полицияның пікірі

Кейінірек Алматы қаласының полиция департаменті Massaget.kz тілшісіне осы жазбаға қатысты жауап берді. Алайда полиция айыпталушының аты-жөнін ашып жазбады. 

"Әкесінің кәмелет жасына толмаған ұлына тиіскені туралы арызы бойынша тексеру жүріп жатыр. К. есімді азамат барлық мән-жайды анықтау үшін полицияға жеткізілді", - деп жауап берді полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілі бұған дейін.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Оралда 25 жыл бұрынғы кісі өлімі ашылды
  • Алмас Кішкенбаевқа қатысты сот шешімі қашан шығатыны белгілі болды
  • Қазақстан халқының нақты саны жарияланды
  • Қазақстан Тәжікстанға 5 мың тонна мазут мен азық-түлік берді
  • Болат Жәмішев "Қазақстан халқына" қорының төрағасы қызметінен кетіп, орнына жаңа басшы тағайындалд
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер