Президенттің берген тапсырмасынан кейін Үкімет тарифті арзандатуға қол жеткізді.
Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, келер жылдың 1 қаңтарынан бастап тарифтің төмендеу деңгейі 3,3 пайыздан 17,5 пайыз аралығында болмақ. Алматыда газ бағасы 12 пайызға (29,8-ден 26,2 теңге/м3), Шымкент қаласы мен Түркістан облысында — 6 пайызға (30,7-ден 28,9 теңге/м3), Жамбыл облысында — 6 пайызға (24,3-тен 22,8 теңге/м3). Нәтижесінде газбен жабдықтау қызметтеріне халық қаражатының шамамен 5 миллиард теңгесі үнемделмек.
Ұлттық экономика вице-министрі С. Жұманғариннің мәлімдеуінше, қазіргі уақытта Шымкент қаласында орташа есеппен коммуналдық қызметтер төлемі 13 788 теңгені құрайды. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап орташа жалпы төлем 12 447 теңгені құрайды немесе 1 340 теңгеге төмендейді.
Шымкентте коммуналдық қызметтердің ішінде ең қымбаты газ болатын. Ол шамамен 2-3 теңгенің шамасында арзандамақ. Бұл тұтынушы үшін әсіресе, үйді автономды пешпен жылытатындар үшін көзге көрінерліктей, сезінерліктей жеңілдік емес.
Сонда президентің тапсырмасын орындау жай ғана көзбояушылық болғаны ма?