"Халық әйел сияқты". Ит жылындағы мәлімдемелер хит парады

photo_105458.jpg 

Қасым-Жомарт Тоқаев. Сенат спикері:

2020 жылы өзге кандидаттар болады 

 -Әрине, президенттік сайлауға қатысу-қатыспауы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзіне байланысты. Бірақ мен ашығын айтсам,  Президент Назарбаев 2020 жылы президенттік сайлауға қатысады дегенге сенбеймін. Себебі ол өте дана адам және ақылы көп. 2020 жылы бізде өзге кандидаттар болады.

 

photo_229539.jpg

Қуандық Бишімбаев, Ұлттық экономика министрі:

Кешірім сұраймын 

-Мен Президент алдында кінәлі екенімді түсінемін. Болып жатқан барлық жағдай үшін, Президенттің үмітін ақтай алмағаным үшін ұяламын әрі, қиналамын. Кадр таңдауда қатты қателестім. Мені және менің сенімімді пайдаланған адамдарды өзіме тым жақындатып алдым. Мен Мемлекет басшысынан, бүкіл халықтан кешірім сұраймын. 

 47f245eab5742ad1c1ca46ef2b6.jpg

Жомарт Ертаев,  банкир:

 ТНТ-ны жоғалтсақ...

 -Олар (национал-патриоттар) Ресейді Қазақстанның телекоммуникациялық нарығынан ығыстырғысы келеді. Егер біз қазір ТНТ-ны жоғалтсақ, қазақстандықтардың келесі ұрпағы түрік сериалдарынан тәрбие алатын болады. 

 5f0f042d2c069546aaf52714fa1242d2.jpg

Азат Перуашев, «Ақ жол» партиясының төрағасы: 

Қазақстанда Комсомол күні жоқ 

-Сіздер қай мемлекетте тұратындарыңызды білесіздер ме? Біз Тәуелсіз Қазақстанда тұрамыз! Біздің күнтізбеде мұндай мереке (Комсомол күні) жоқ. Егер біреу үшін бұл жеке мереке болса, мәжілістің ресми жиынында емес, басқа жерде бір-бірлеріңізді құттықтаңыздар. 

photo_230668.JPG

Ғабидолла Әбдірахымов, Шымкент қаласының әкімі:

Халық әйел сияқты 

-Мен халықты әрдайым әйелмен салыстырамын. Халық әйел сияқты. Әйел махаббатты, қамқорлықты жақсы көреді. Жылылық іздейді, өзіне көңіл бөлгенін қалайды. Егер осының бәрін оған дер кезінде бермесең, ол бүлік шығарады. Халықпен де дәл осындай байланыс құру керек. 

 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мұздыбеков пен Меңдіқұлов отпен ойнап отыр ма? - Елдегі дүрбелең осы газ дауынан басталған еді
  • Қазақстанды мұрагер елесі кезіп жүр
  • «Шетелден бір-ақ шыққан шенділер»: Елші болу өсу ме, өшу ме?
  • Дархан ҚЫДЫРӘЛІ: «Тарихқа хайппен емес, байыппен қарау керек»
  • Ирак бір жыныстыларды қатаң жазалайтын заң қабылдады(Суретті)
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер