Түркістанның соты әділ емес

ибрагимов.jpg

Түркістанның соты әділ емес. Бұл туралы Жолаушылар көлігі және автомобиль басқармасының басшы Ролан Ибрагимов облыстық мәслихаттың мемлекеттік-құқық мәселелері және жергілікті өзін-өзі басқару жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында айтты деп хабарлайды RGMEDIA.KZ ақпараттық агенттігінің Түркістандағы тілшісі.

Р.Ибрагимов Келес ауданының орталығы Абайдан Шардара қаласына барар жолды нашар істеген компанияны қара тізімге кіргізу бойынша соттасып жатқандарын жеткізді. Бір қызығы, ол жетекшілік ететін басқарма орташа жөндеу жұмыстарының қағидатында жазылғандай лицензиясы бар компанияның қандай техникасы барын сұрай алмайды екен.  

– Біз «Еркін Сенімді» сотпен конкурстан шеттеттік. «Прогресс» ұтып алды. Сосын заңсыз шеттетті деп сотқа берді. Бір қызығы, Нұр-Сұлтан қалалық сотында «орташа жөндеу жұмыстарына техника керек» деп бірінші, екінші истанциясында да біз ұттық. Астананың соты бізді қолдады. Бірақ, Түркістанның соты қолдамайды. Бұл жерде мәселе соттың әділдігінде. Сотқа Нұр-Сұлтан қаласында ұтқанымызды көрсетсек, «ол өзі жауап береді, өзімнің шешіміме өзім жауап берем» дейді, заң бәріне бірдей болса да. Біз тиісті құжаттарды сіздерге жинап берейік. Депутаттық сауал жолдап істің оң шешілуіне ықпал етіңіздер, – деп басқарма басшысы көмек сұрады.

Оның айтуынша, «Еркін Сенім» Шардарада ғана емес, Мақтарал ауданында да мемлекеттік тапсырыстарды орындауда. Өкініштісі, салған төрт нысанның сапасы да сын көтермейді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Тоқаевты туған күнімен кімдер құттықтады?
  • Украина Президенті Түркияға барды
  • LRT ісі: Талғат Ардан Түркияда ұсталып, Қазақстанға экстрадицияланбақ
  • Трамп Үндістан мен Пәкістандағы қақтығысты шешуге көмектесуге дайын екенін мәлімдеді
  • Үшінші рет президенттікке үміткер болу жоспарымда жоқ – Трамп
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер