Депутат кәсіпкерден колледждерді қайтарып алуды ұсынды

жусипбаев.jpg

Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Үмбет Жүсіпбаев екі колледжді кәсіпкер Болатбек Әлиевтен жеке сенімгерлік басқаруға беру дұрыс емес деп санайды. Бұл туралы пікірін ол облыстық мәслихаттың аумақтардың дамуы және табиғат пайдалану жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында айтты, деп RGMEDIA.KZ ақпараттық агенттігінің Түркістандағы тілшісі.

– Облыс әкімінің орынбасары болған Бөкеңнің (Болатбек Әлиев – авт.) жұмыс істеу тәсілін білеміз ғой. Ондайларға бермеу керек. Не керегі бар, белден баса беретін болса?! Қайтып алып қою керек. Неге береміз? – деді Үмбет Жүсіпбаев.

Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасы кәсіпкер Болатбек Әлиевке Түркістан жоғары аграрлық колледжі мен Түркістан индустриалды-құрылыс колледжін жеке сенімгерлік басқаруға берген болатын. Бұған дейін бұл білім беру мекемелері облыстың алдыңғы қатарлы арнаулы орта оқу оорындары қатарына жатқызылып келген еді. Бірақ, Болатбек Нәжмединұлы олай ойламайды. Ол өз ойын таяуда ғана фейсбук парақшасында жазып, өзі басқаруға алған колледждерде оқыту жүйесінің мүлдем сын көтермейтінін жеткізді. Адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Рақымбек Жолаевтың айтуынша, кәсіпкер колледж басшыларын жұмыстан босатып, олардың орнына білім беру саласында істемеген азаматтарды тағайындаған.  


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Тоқаевты туған күнімен кімдер құттықтады?
  • Украина Президенті Түркияға барды
  • LRT ісі: Талғат Ардан Түркияда ұсталып, Қазақстанға экстрадицияланбақ
  • Трамп Үндістан мен Пәкістандағы қақтығысты шешуге көмектесуге дайын екенін мәлімдеді
  • Үшінші рет президенттікке үміткер болу жоспарымда жоқ – Трамп
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер