Сапарбаев Қордай оқиғасының себебін Масаншыдан үздік аттестат иегері шықпағанынан іздейді

33547.jpg

Қордай ауданындағы дүнгендер тұратын Масаншы ауылынан он жыл бойы бірде-бір «Алтын белгі»  немесе үздік аттестат иегері шықпаған. Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев білім беру саласының қызметкерлерімен кездесуінде айтты деп RGMEDIA.KZ ақпарат агенттігі хабарлады облыс әкімі аппаратының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

«Облыс әкімі Масаншы ауылындағы мектептердің бірінен он жыл бойы бірде-бір «Алтын белгі»  немесе үздік аттестат иегері шықпағанын, тек бір ғана түлектің ЖОО-на грантқа қол жеткізгеніне назар аудартты. Міне, Қордай оқиғасының түпкі себебін осыдан іздеу керек. Бұл сапалы білім мен жас ұрпақты тәрбиелеу, ұлттық дәстүрлерден алшақтау, мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру деңгейінің төмендігін көрсетері сөзсіз» делінген облыс әкімдігі таратқан мәліметте.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Тоқаевты туған күнімен кімдер құттықтады?
  • Украина Президенті Түркияға барды
  • LRT ісі: Талғат Ардан Түркияда ұсталып, Қазақстанға экстрадицияланбақ
  • Трамп Үндістан мен Пәкістандағы қақтығысты шешуге көмектесуге дайын екенін мәлімдеді
  • Үшінші рет президенттікке үміткер болу жоспарымда жоқ – Трамп
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер