Абай Құнанбаевтың мерекесі ұлықталды

Бүгінгі Шымкенттің шуақты таңы әсем әуезді әнмен атты. Таңмен таласа өңірлік зиялы қауым, құрметті азаматтар, қала тұрғындары  «Абай» саябағына гүл шоқтарын көтере келді. 

image.png

Неге десеңіз, 176 жыл бұрын, дәл осы күні қазақтың рухани кемеңгері, ойшылы, білім мен бостандық жолындағы қажымас күрескері – Абай Құнанбайұлы дүниеге келген. Қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, артына өшпейтұғын із қалдырған кемеңгер Абайдың туған күнін биыл шымкенттіктер осылай атап өтуге бел буды. Әрине карантин талаптарын сақтау басты назарды. 

Шымкент қаласының қақ ортасында орналасқан Абай саябағында бүгін ерекше атмосфера. Таңнан бастап Абай Құнанбайұлының ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, жанды дауыста ұлы ақынның әуезді әндерін келушілер қосыла шырқауда.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған шараға қала тұрғындарымен қатар қалалық мәслихат депутаттары, зиялы қауым, жас ақындар, кітапхана және Полиция департаментінің қызметкерлері де қатысты.

image.png

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жаңа заң: ҚМДБ бетті толық жабуға қатысты мәлімдеме жасады
  • Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
  • Қазақстаннан Қытайға 1500 киікті беру процесі қалай іске асады
  • Елімізде барлық пойызға бейнекамера орнатылмақ
  • Ауылдардағы интернет сапасын жақсарту: Халықаралық қайта құру банкінен қаржы тартылады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер