
Бүгін Шымкент қаласында өңіраралық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылып, жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілердің басын қосқан маңызды алаңға айналды. Аталған іс-шараға "Ауыл" партиясының Түркістан облысы бойынша өңірлік филиал төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Қалмұратов Төрегелді Оразалыұлы қатысып, жәрмеңкенің жұмысымен танысты.
Жәрмеңке барысында түрлі саладағы бос жұмыс орындары ұсынылып, азаматтарға тұрақты жұмыспен қамтылуға мүмкіндік берілді. Қатысушылар жұмыс берушілермен тікелей сұхбаттасып, өздеріне қолайлы қызмет түрлерін таңдауға мүмкіндік алды.
Қалмұратов Төрегелді Оразалыұлы еңбек нарығындағы мұндай бастамалардың маңыздылығын атап өтіп, халықты жұмыспен қамту, өңіраралық байланыстарды нығайту және азаматтардың әлеуметтік жағдайын жақсарту бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғаса беретінін жеткізді.
