"Кітап – руханият өзегі" акциясы аясында мазмұнды іс-шара өтті

Screenshot_31.jpg

Бүгін Сайрам ауданындағы №20 С.Сейфуллин атындағы мектеп-гимназиясында «Ауыл» партиясының бастамасымен “Кітап – руханият өзегі” акциясы аясында мазмұнды іс-шара өтті. Аталған шара барысында партияның Сайрам ауданы бойынша аумақтық ұйымының төрағасы Жайлаубеков Есіркеп Оразбекұлы білім ордасына 140 түрлі жанрдағы кітаптарды табыстады.

Бұл игі бастама – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, олардың рухани және зияткерлік дамуына серпін беретін маңызды қадам. Түрлі жанрдағы әдебиеттер мектеп кітапханасының қорын толықтырып, жас ұрпақтың білім көкжиегін кеңейтуге мүмкіндік береді.

Іс-шара барысында мектеп ұжымы көрсетілген қолдау үшін алғыстарын білдіріп, мұндай игі бастамалардың алдағы уақытта да жалғасатынына сенім білдірді. «Ауыл» партиясы білім мен руханиятты дамыту бағытындағы жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыра бермек.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Дархан ҚЫДЫРӘЛІ: Қос палаталы Парламент отыз жылдық тарихи миссиясын абыроймен аяқтайды
  • Камералдық бақылау нәтижесінде анықталған бұзушылықтар толық жойылды
  • Камералдық бақылау нәтижесінде мемлекеттік сатып алу құжаттары талаптарға сәйкестендірілді
  • Камералдық бақылау нәтижесінде мемлекеттік сатып алу рәсіміндегі бұзушылықтар жойылды
  • Камералдық бақылау нәтижесінде анықталған бұзушылықтар уақытылы жойылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер