Дархан Мыңбай:«Журналистерге әуе және теміржол билеттері үшін жеңілдік берілуі қажет»

Screenshot_2.jpg

Мәжіліс депутаты Дархан Мыңбай журналистер үшін әуе және теміржол билеттерін алуға жеңілдік жасалуы қажет, деген пікірін жазды желіде, деп хабарлайды Rgmedia.kz  тілшісі  Zakon.kz порталына сілтеме жасап. 

Өзінің Facebook парақшасына журналистерге тиімді жағдайды жасауымыз керек деп бөлісті: 

«Елімізде әуе және теміржол билеттерінің бағалары жасанды түрде жоғары болып тұрғаны туралы көп айтылды, көп жазылды, халық осы мәселені шешудің батыл бір шараларын күтуде. Бұл әсіресе шұғыл қызметі қоғамға қажет адамдардың қалтасын қағуда. Оқиға орнына тез арада жете алмауына байланысты журналистер белгілі бір оқиғаларды, кейде төтенше жағдайларды уақтылы хабарлай алмай жүр. Олар билетті сапарға шығатын күні шұғыл алуға мәжбүр, өйткені билетті алдын-ала сатып ала алмайды. Үкімет бұл мәселені қарастыру кезінде тікелей функционалдық міндеттерін тез және уақтылы орындауы тиіс БАҚ өкілдеріне қамқорлық жасауы керек сияқты.

Осы Жолдауда жүктелген тағы бір маңызды міндетті – мәдениет саласының өкілдеріне әлеуметтік жеңілдіктер ұсынуға септігін тигізеді»  – деп жазады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте қала мәслихатының төрағасы өндіріс жұмысшыларымен кездесті
  • Түркістанда түсірілген халықаралық тележоба 100 млн-нан аса қаралым жинаған
  • «Жаңа технологиялар мен инновацияларға басымдық – уақыт талабы»
  • «Ауыл» партиясының қарағандылық мүшелері жаңа Конституция жобасын қолдады
  • 2025 жылы Қазақстанға 23,7 мың адам қоныс аударды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер