«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» заңға өзгеріс енгізмек oinet2 2019-10-07 11:08:49

Картинки по запросу атаулы әлеуметтік көмек

Көпбалалы отбасы жаңа жәрдемақыны ала отырып, тұрмысы төмен отбасы мәртебесінде қала беретін болса, бұл отбасыға атаулы әлеуметтік көмек пен балаларына кепілді әлеуметтік топтаманы қамтитын көмек тағайындалады. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұған дейін көпбалалы аналарға табысына қарамастан жаңа мемлекеттік жәрдемақы төленетіні хабарланған еді. Қазақстанда төрт және одан көп баласы бар аналар көпбалалы саналады. Сондай-ақ, тұрмысы төмен отбасылардағы балаларға кепілді әлеуметтік пакет енгізуді және кеңейтуді ұсынып отыр

"Осылайша атаулы әлеуметтік көмектің қолданыстағы тетігі түзетілетін болады", - деп түсіндірді министр Біржан Нұрымбетов.

Министрлік атаулы әлеуметтік көмекті берудің қолданыстағы жүйесін өзгертетін заң жобасын қазан айының соңына дейін парламентке енгізуді көздеп отыр.

Егер заң қабылданса, жаңа өзгерістер келесі жылдың бірінші қаңтарынан бастап күшіне енеді.

"Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" заңда табысы аз отбасындағы балаларға кепілді әлеуметтік топтаманы енгізу мен кеңейту ұсынылады. Мектепке дейінгі жастағы балалар тамақпен, гигиеналық құралдармен және білім беру қызметтерімен қамтамасыз етілетін болады", - деді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов.

Ал оқушы балаларға мемлекет есебінен мектепте тегін ыстық тамақ, тегін жол жүру, сондай-ақ мектеп формасы мен оқу құралдарын беру көзделген.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Елге келген қандастардың неше пайызы еңбекке жарамсыз
  • Қазақстандықтарға мемлекеттік қызметтердің жаңа түрлері қолжетімді
  • Мемлекет басшысы Қазақстанның шет елдердегі бірқатар Елшісін тағайындады
  • Ресей: Теракт болған күні Крокустан 5 мыңнан астам адам эвакуацияланған
  • Президент терроризмге қарсы күресте Қазақстанның Ресеймен бірге екенін растады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер