«Біз біргеміз» челленджі жалғасын табуда

пп.jpg

 Президент Қасым Жомарт Тоқаев белгілі шоумен Тұрсынбек Қабатов пен елордалықтар бастаған «Біз біргеміз» челленджіне қолдау білдіретінін айтқан болатын. Осы челлендждің жалғасы ретінде түркістандық ерікті жастар «Сабақтастық» жобасы аясында ерекше күтімді қажет ететін бүлдіршіндерге қуанышты көңіл-күй сыйлады.

 Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен өткізілген «Жүректен -жүрекке!» деп аталған шара қалалық көмекші мектеп-интернатының ерекше оқытуды қажет ететін тәрбиеленушілеріне арналды.

 Аталмыш көңілді жиынға Райымбек Сейтметов атындағы сазды драма театрының «Тарлан» вокалды инструменталды ансамблі мен Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халқаралық қазақ-түрік университетінің «Актерлік өнер» мамандығының белсенді жастары және облыстық «NGL» еріктілер мектебінің жастары қатысты. Бүлдіршіндерге ерекше естелік сыйлау мақсатында өткізілген шарада жанды дауыста әндер айтылы,  театрландырылған көріністер көрсетілді. Сондай-ақ, белсенді жастар тәрбиеленушілер денсаулығына пайдалы жеміс-жидектер мен тәтті бәліштер тарту етті.

 Айта кетейік, Түркістан қаласындағы  көмекші мектеп-интернатында 1-9 сынып аралығында 181 оқушы білім алады. Мектеп 22 сыныпқа жабдықталған.

 Мейірімге толы шара соңында облыс жастары «Біз біргеміз» ұранды сөзімен дәл осы видео челенджді Түркістан обысының барша аудан, қалаларының белсенді жастарына, сондай-ақ, іргелес жатқан Шымкент қаласына және Қызылорда, Жамбыл облысына жолдады.




Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жаңа заң: ҚМДБ бетті толық жабуға қатысты мәлімдеме жасады
  • Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
  • Қазақстаннан Қытайға 1500 киікті беру процесі қалай іске асады
  • Елімізде барлық пойызға бейнекамера орнатылмақ
  • Ауылдардағы интернет сапасын жақсарту: Халықаралық қайта құру банкінен қаржы тартылады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер