Үш облыста ауа райына қатысты ескерту жарияланды

c141d27b085898c7.jpg

 Маңғыстау, Түркістан және Қызылорда облыстарында ауа райына қатысты дабылды ескерту жарияланды. 

 26 қаңтарда Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, оңтүстік-батыстан және батыстан 15-20 м/с дейін жел соғады деп күтілуде. Ал, Ақтау қаласында 26 қаңтарда күндіз оңтүстік-батыстан және батыстан жел соқса, оның екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. 26 қаңтарда Түркістан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең қалың қар жаууы мүмкін. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын байқалып, оңтүстік-батыстан соғатын жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Шымкент және Түркістан қалаларында түнде және таңертең тұман түседі. Қызылорда облысының кей жерлерінде 26 қаңтарда тұман, көктайғақ, бұрқасын күтілуде. Оңтүстіктен және оңтүстік-батыстан жел соғады, оның екпіні күндіз 15-20 м/с, кей жерлерде – 23 м/с дейін жетеді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мақсат – адал, білімді әрі отаншыл ұрпақ тәрбиелеу
  • «Ассамблея жастары» – жалпыұлттық бірегейлікті дәріптеуде алдыңғы сапта болуы тиіс
  • В Шымкенте на участие в проекте «Читающая нация» зарегистрировались почти 67 тысяч человек
  • Шымкентте «Кітап оқитын ұлт» жобасына 67 мыңға жуық адам қатысуға тіркелді
  • Мемлекет басшысы энергетика саласындағы ықпалдастықтың әлеуетіне жоғары баға берді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер