Қытайда коронавирустан қаза тапқандардың саны артып барады

Қытайда коронавирустан қаза тапқандар саны артып, 908-ге жетіп, қауіпті дертке шалдыққандардың саны 38 мыңға жуықтаған. Олардың 6 мыңнан астамы ауыр халде жатыр. Тағы 29 мыңнан астам кісі індетті жұқтырған деген қауіппен тіркелді. 2 мың 600-ден астам адам жазылып шықты. Ауруға шалдыққандармен байланысқа түскен 300 мыңнан астам тұрғын бақылауға алынған. 

қытай.jpg

Жұқпалы індеттің Еуропаға кеңінен таралу қаупі күшейді. Францияның Контамин-Монжуа тау курортында Сингапурге барып қайтқан британдық азаматтан 7 адам қауіпті вирусты жұқтырғаны анықталды, оның бірі – бала. Оқиғаға байланысты француз билігі 2 мектепті жауып, тексеріс жүргізіп жатыр.

«Індетті жұқтырған баламен байланысқа түскен жасөспірімдердің алғашқы тобын тексердік. Бүгін, ертең тағы 25 бала қаралып, дертке шалдыққандармен қарым-қатынаста болған өзге де адамдарды тексеретін боламыз», - Франция денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Жером Саломон

Осылайша Францияда коронаваирусты жұқтырғандардың саны 11-ге жетті. Бесінші республика кеше Қытайдың Ухань қаласынан тағы 35 азаматын арнайы ұшақпен алып қайтты. Олар Францияның оңтүстігіндегі әскери базаға жеткізілді. Бұл – Францияның Уханьнан өз азаматтарын қайтару бойынша үшінші рейсі.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • МВД о размещении Государственного флага на транспортных средствах
  • ҚАЗАҚСТАН ЖАҺАНДЫҚ СУ ДИПЛОМАТИЯСЫН ДАМЫТУҒА БАСТАМА КӨТЕРДІ
  • ҚАЗАҚСТАН-ИРАН БИЗНЕС ФОРУМЫНДАҒЫ ЖАҢА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ КЕЗЕҢІ
  • "Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" – Жолдаудың басты ұраны талқыланды
  • Жолдаудың басты бағыттары түсіндірілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер