Азамат Омаровтың әкелігін анықтайтын сараптама нәтижесі дайын. Кішкене бүлдіршіннің сазгердің немересі екендігі анықталды, деп хабарлайды ShowNewsKZ ютуб каналына сілтеме берген Oinet.kz.
- Ең бастысы бәрі дұрыс бітті. Қызды Көзайым Азаматқызы деп атадым. Кәмшатқа бақыт тілеймін. Мен қызды жамандамаймын. Әрине, менен де бар. Ол қызды мен танимын. Жаңағыдай бір сәтте болғанымыз да рас. Бірақ, төрт ай жүріп, оған обещание беріп ондай болған жоқ. Сосын екі жыл өткен соң сенің қызың бар деп шыққаны да мен үшін аспаннан түсіп қалған сияқты жаңалық болды, - дейді Азамат Омаров.
Ал, Азаматтың әкесі Марат Омаров мұндай ақпаратты естігенде таң қалғандығын жеткізді.
- Әнші болғаннан кейін, атақты болғаннан кейін бір жағы бай деп ойлай ма? Бір жағы қажеттілікке байланысты қаншама телефон шалатын адамдар бар. Соның бірін де мен аңғармадым шынын айтқанда. Қалай екі жылдай үндеместей келіп, сіздің немереңіз бар дегенге кім сенеді оған. Оған барлық миллиондаған хат-хабар келіп жатқанда сенім болмады. Себебі, оған баламнан хабар болмады. Мысалы, баламның өзінің айтпағандығы. Зарина әлеуметтік желіде, бұқаралық ақпарат құралдарымен әрқашан да ашық. Мен өзім де көмекшілерім бар. Соларға шығып. Болмаса қызды үйге алып келіп сөйлеспесе мен ешқашан қашқан емеспін. Жалпы қазақтың қыздарының жылағанын мен ашқашан қаламаймын, - дейді Марат Омаров.