Түркістан облысында әр ауылда 10 жоба жүзеге асады

агрокелес.jpg

Түркістан облысының әр ауылдық округінде 1 гектардан жылына бірнеше рет өнім алу тәсілімен 6-7 млн. теңгеге дейін табыс табуға болатын 10 жобадан жүзеге аспақ. Қазірдің өзінде өңірде 600-ден астам шаруа қожалығы бірінші өнім егініне кіріскен. Бұл туралы Келес ауданында өткен «Бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу – көкөніс шаруашылығын дамытудың негізі» атты семинар-кеңесте айтылды, деп хабарлайды RGMEDIA.KZ ақпараттық агенттігі.

Жиынға облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев, Израиль – Қазақстан сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы Михаил Роэге, ғалымдар, аудан, қала, ауыл округтері әкімдері, агроқұрылым басшылары мен кәсіпкерлер қатысты.

– Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев, Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің алдына саладағы еңбек өнімділігі мен қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын 5 жылда 2,5 есеге арттыру міндетін қойды.  Осы орайда, Түркістан облысының табиғи-климаттық жағдайын, мүмкіндігін ескере отырып, 2019 жылы «Бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу» жобасын қолға алған болатынбыз. Нәтижесінде, 3 млрд. теңгеге 107 жоба іске асып, 39 млрд. теңге болатын ауыл шаруашылығы өнімдері өндірілді. Қосымша 364 жұмыс орны ашылды, – деді Өмірзақ Шөкеев.

Әлемде ауыл шаруашылығы өнімін өндіруден, экспорттаудан үздік елдердің бірі саналатын Израиль мемлекетінің  жалпы аумағы Түркістан облысының 6/1 бөлігін құрайтынына қарамастан, жылына 1 млрд. АҚШ долларының ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіреді. Түркістан облысы климатының жайлылығы мен топырағының құнарлығын түсінген осы ел ғалымдары жылына бірнеше рет өнім жинау әдісіне аса қызығушылық танытуда.

Өңірде етек жайған жаңбырлатып, тамшылатып суғару технологиясын ендіру шығына төленетін субсия көлемін 400 мың теңге дейін ұлғайтуды көздеп отыр. Барлық тыңайтқыштар, гербицидтердің түрлерінің 50 пайызын субсидиялауды басталды. Бұған биыл алғаш рет пестицидтер, инсектицидтер де қосылды. 

Ауқымды шарада ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне тыңайтқыштар, гербицидтер және ауыл шаруашылығы техникаларын жеткізушілер өнімдері таныстырылды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Кейінгі 5 жылда еліміздегі өлім-жітім 9%-ға төмендеген
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер