«BIRGEMIZ»: Шымкентте 21 864 мұқтаж азамат 50 мың теңгеден көмек алды

Шымкент қаласы аумағында төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты қала халқының осал топтарына жан-жақты әлеуметтік көмек көрсету жұмыстары жалғасуда. 

e22511cd-2050-49df-9d2d-dd5ae2ecaf85.jpg

Елбасының бастамасымен құрылған «BIRGEMIZ» қоғамдық қорына республика бойынша түрлі кәсіпкерлер мен меценаттар қаржы құйып, осынау қысылтаяң шақта елге көмек беруге ниетті екенін білдіруде. 

Осы орайда «Birgemiz» қорынан 21 864 шымкенттіктің есепшотына 50 мың теңгеден бір реттік қаржы аударылды. Бұл санаттағы І топтағы мүгедектер, аз қамтылған отбасылар, Ұлы Отан соғысының ардагерлері, ең төменгі зейнетақы алатын зейнеткерлер, бір сөзбен айтқанда қазіргі кезде ауыр жағдайда қалған отбасыларға қолдау жасалды. Көмек қалаға қарасты төрт ауданның әкімдіктері бекіткен тізім бойынша жасалды.

Шымкент қаласының төтенше жағдай жөніндегі штабы

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Председатель ФПРК: «Новая Конституция – закон, в котором ценность человека выше системы»
  • Н.Әуесбаев: Жаңа Конституцияда Президент өкілеттілігі бір рет қана 7 жылдық мерзім бекітіледі
  • Жаңа Конституция – болашақ ұрпаққа арналған берік қалқан – Самат Нұртаза
  • Ауданда мәселелер рет-ретімен шешімін табуда
  • Қырғызстан халқының саны 7,4 млн адамға жуықтады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер