​Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгеріс енгізу туралы

ҚАУЛЫ                                                                                                                                ПОСТАНОВЛЕНИЕ

Шымкент қаласы                                                                                                             город Шымкент     

14 сәуір 2020ж.                                                                                                                 №10

Мен, Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Абдиманап Кошкарович Тулебаев, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы «Төтенше жағдай туралы» Заңына, «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 Жарлығына, «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайдың қолданысын ұзарту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 14 сәуірдегі № 306 Жарлығына, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 7-1-бабы 1-тармағы 13 тармақшасына, Шымкент қаласы бойынша төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік комиссияның 05.04.2020 жылғы № 9, 08.04.2020 жылғы № 10, 12.04.2020 жылғы № 11 хаттамаларына сәйкес, азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі № 9 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:

1.2. 1 тармақ мынадай редакцияда жазылсын: Шымкент қаласының барлық аумағында 2020 жылдың 04 сәуірі сағат 21:00-ден 2020 жылдың 01 мамыры сағат 07:00 дейін карантин енгізілсін;

1.3. 7 тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «Банк филиалдарының, коммуналдық, телекоммуникациялық қызмет көрсететін кәсіпорындар мен ұйымдардың басшыларына, сауда және басқа да ұйымдарға:

- банктердің ғимараттары мен мекемелерінде, бөлімшелерінде, төлем қабылдайтын орындарда, кассаларда қызметкерлер мен клиенттердің  міндетті түрде температурасын өлшеуді қамтамасыз ету (пирометрлермен, портативті тепловизорлармен), ақша және қымбат заттарды алу, беру кезінде автоматтандырылған түрде қолма-қол ақшаны беру және/немесе алуда төлем картасын қолданып және басқада операция, соның ішінде тауарға төлемді банкомат арқылы жүргізу кезінде кезектерде ара-қашықтықты сақтауды (1,5 метрден кем емес), маскалық режимді, дезинфекциялық іс-шараларды жүргізумен және төтенше жағдай режимі кезінде қабылданған өзге де санитариялық талаптарды сақтай отырып халықты тиісті қабылдауды ұйымдастыру. Қызметкерлермен клиенттердің температурасын өлшеу ірі кәсіпорындар мен ұйымдарға тиесілі. 

- үй-жайлардың ішінде және іргелес аумақта, оның ішінде банкоматтар, кассалар мен сауда нүктелерінің жанында ұйымдастырылмаған кезектерге жол бермеу. Кезек болатын жерлерде еденнің беткейінде, жолдың қабатында, аумағында арақашықтығы 1,5м метр болатын сызықпен көрсетілсін, бұл ретте уақытша отырғызу орындарымен қамтамасыз етілсін.

1.4. 8.1. тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «Осы Қаулының №1 қосымшасына сәйкес кәсіпорындармен ұйымдардың қызметкерлерінің және басқа да адамдардың жүруі Шымкент қаласы әкімдігінің ақпараттық жүйесімен интеграцияланған «Сергек Патруль» деректер базасында тіркелген жағдайда жүргізіледі. Бұл талап № 2 қосымшада көрсетілген медициналық көмек, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтердің, құқық қорғау және басқа да арнайы органдардың қызметкерлеріне қатысты емес»;

1.5. 8.3. тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «Медициналық мекемеге шұғыл жағдай бойынша жеке көлікпен бір адамның жеткізумен немесе басқа көлік жүргізушісімен шығу»; 

1.6. 10 тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «Осы Қаулының № 1 қосымшасына сәйкес қызметін жүзеге асыратын ұйымдар (меншік түріне қарамастан) қызметкерлерін Шымкент қаласы әкімдігінің ақпараттық жүйесімен интеграцияланған «Сергек Патруль» деректер базасында тіркелуін қамтамасыз етсін»; 

1.7. Келесі жаңа тармақпен толықтырылсын «15.3. Блок-посттарда  адамдардың шоғырлануы және ұйымдаспаған кезектерді болдырмау. Блок-посттан жаяу өту кезінде 1,5 метрлік арақашықтық қамтамасыз етілсін». 

1.8. № 1 косымшада:

- 1 тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «Шымкент қаласында орналасқан орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері, басқа да жергілікті атқарушы органдары мен олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдары және сот органдары»;

- 2.1. дәріханалар жанындағы егу бөлмелерін қоспағанда, медициналық мекемелер (тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызмет көрсетін ауруханалар, емханалар және жедел көмек көрсетін тіс емдеу бөлмелері);

- 2.4 тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «Қорғаныш маскаларын, дезинфекциялық құралдарды, антисептиктерді, обаға қарсы қорғаныш заттарын  өндіретін кәсіпорындар»;

- келесі тармақпен толықтырылсын: 4.14. Жоғарғы және орта арнайы медициналық оқу орындары (профессорлық және мұғалімдер құрамы);

- 6 тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «Қонақ үйлер, нотариустар, адвокаттар коллегиясы, адвокаттар»;

- 10 тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «Автожанармай құю және автогаз құю станциялары, жанармай қоймалары, оның ішінде теміржол инфрақұрылымына қызмет ететін»;

- 11 тармақ келесі тармақшалармен толықтырылсын: 

- өткір құралдарды жоюға және дезинфекциялауға арналған медициналық контейнерлердің өндірісі;

- шыны және пластикалық қораптарды (ыдыстарды) өндіру;

- өнімдерді сертификациялауға жүргізілетін тауарларды сараптау және өнімдерді сынау.

14.3. тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «Сауда-логистикалық орталықтар, көліктік-логистикалық фирмалар, қоймалар, азық-түлік өнімдерін, дәрілік препараттар мен медициналық бұйымдарды дистрибуциялау, қатты отын (көмір) көтерме сауда базасы, кедендік қоймалар және уақытша сақтау қоймалары»;

- келесі тармақпен толықтырылсын: «14.4 Жүк көліктерінің қосалқы бөлшектері, құрылыс, ауылшаруашылық техника дүкендері жеткізіп беру режимінде жұмыс істейді»;

- келесі тармақпен толықтырылсын: «14.5. Жерлеу, салт-жоралық қызметі»;

- келесі тармақпен толықтырылсын: «14.6. Кір жуу орындары (тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі жүйесіндегі медициналық ұйымдарға қызмет көрсететін»;  

- келесі тармақпен толықтырылсын: «14.7. Үй-тұрмыстық техника жөндеу қызметуі, жеткізу сервисі болған жағдайда»;

- келесі тармақпен толықтырылсын:  «14.8. «Казаэронагация» РМК»;

- келесі тармақпен толықтырылсын: «14.9. «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК»;

1.9. № 2 қосымшада:

- мазмұндама мынандай редакцияда жазылсын: «Шымкент қаласына кіру, Шымкент қаласынан шығу және Шымкент қаласында қозғалысы мен жүру үшін рұқсат етілген көлік құралдары түрлерінің және азаматтардың тізбесі»;

- 1 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:  «Жүк тасымалдау және транзитті жүк тасымалдау, Шымкент қаласы әкімдігінің ақпараттық жүйесімен интеграцияланған «Сергек Блок пост» деректер базасында тіркеумен атқарылады»

- 1.2.  тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «Азық-түлік тауарларын жүк көлігімен тасымалдау (оның ішінде шағын көлемді және ірі көлемді көлік): тек жүк көлігі; көлік құралдары тиелген немесе бос; жүргізуші және бір жолаушыдан артық болмауы керек»;

- 1.3. тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «Құрылыс материалдарын, ЖЖМ (жанар-жағар май), тұрмыстық химия, тұқым, көшеттер, пестицидтер, ауылшаруашылыққа қажетті тыңайтқыштар және оның өндірісі, басқа да материалдарды жүк көлігімен тасымалдау (оның ішінде шағын көлемді және ірі көлемді көліктер): тек жүк көлігі; көлік құралдары тиелген немесе бос болуы мүмкін; жүргізуші және бір жолаушыдан артық болмауы керек»; 

- келесі тармақпен толықтырылсын: «1.5. Ауылшаруашылық техникасы»;

2.5. тармақ мынадай редакцияда жазылсын:  «Шымкент қаласының құқық қорғау, басқа да арнайы органдары мен сот органдарының қызметкерлері (жеке автокөлікпен) қызметтік куәліктерді немесе жұмыс орнынан анықтамаларды көрсеткен кезде. Қызметтік көлік және Түркістан облысының құқық қорғау және басқа да арнайы органдарының кызметтік көліктері және қызметкерлері, қызметтік куәлігін және іссапарды растайтын құжаттарды көрсеткен жағдайда (бұл рұқсат басқа облыстар мен қалалардың органдарына қолданылмайды)»;

- келесі тармақпен толықтырылсын: «2.17. Адвокаттар (жеке көлігімен) қызметтік күәлік көрсеткен жағдайда;

- келесі тармақпен толықтырылсын: «2.18. Кеден өкілдері және қойма иелері»;

- келесі тармақпен толықтырылсын: «2.19. Шаруа қожалықтары, фермерлік шаруашылық, жылы-жай қызметкерлері (тек шығу)»;

1.10. № 3 қосымшада:

- келесі тармақпен толықтырылсын: «15. «Транстелеком» АҚ-ның «Шымкенттранстелеком» Шымкенттік филиалы»;

- келесі тармақпен толықтырылсын: «16. «Казтрансском» АҚ»;

- келесі тармақпен толықтырылсын: «17. «Востоктелеком» ЖШС»;

- келесі тармақпен толықтырылсын: «18. «Астел»АҚ».

2. Осы Қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

3. Осы Қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері А. Тулебаев

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер