Шымкентте 1 миллион бетперде таратыла бастады

Елімізде коронавирус індетінің алдын алу, тұрғындарды қолдау мақсатында Елбасы, «Nur Otan» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Birgemiz» республикалық қоғамдық қоры құрылғаны белгілі.

d1519e82-1362-4c92-8022-84977369d4fe.jpg

Осы игі шараны жүзеге асыру үшін аталған қордың Қамқоршылық кеңесі «СҚ-Фармация» үкіметтік операторымен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары тұрғындарының әлсіз топтарына медициналық бетперделерді тегін тарату үшін 5 миллион бетперде сатып алу туралы шартқа қол қойған болатын. 

Қаламызға күні кеше келіп жеткен 1 миллион бетпердені халықтың әлсіз топтарына кіретін отбасыларға жеткізіп беру мақсатында бүгін «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы өкілдері  гуманитарлық автокеруенмен Қайнарбұлақ елдімекеніне ат басын тіреді.

Партия белсенділері, «Жас Отан» жастар қанаты мүшелері және еріктілер елдімекендегі 200 отбасыға 50 данадан медициналық бетперде үлестірді. 

Айта кетсек, алдағы бес күн ішінде барлық бетперделерді жалпы саны 20 мың отбасыға бөліп беру жоспарлануда.

Шымкент қаласының төтенше жағдай жөніндегі штабы

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Конституция 1 шілдеден бастап ресми түрде күшіне енеді
  • Қазақстанда «Nauryz Sale» мерекелік акциясы басталды
  • Бала 1,5 жасқа толғаннан кейін жұмыссыздық төлемін алу туралы ақпарат жалған
  • Мұнай бағасы 2022 жылдан бері алғаш рет 100 доллардан асты
  • Алматыға Оманнан эвакуацияланған 300-ден астам қазақстандық ұшып келді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер