Шымкент: Қайтпас-1 шағын ауданына жарық жүйесі тартылады

Шымкент қаласының  Нұрсәт шағын ауданындағы №18, 19 көпқабатты үйлердің сыртқы қасбеті сын көтермейді.  2016 жылы салынған тұрғын үйлердің қабырғаларының әрі көшіп, жауын-шашынға шыдас бермей түсе бастаған. Мәселені  талайдан бері қозғап жүрген үй тұрғындарымен қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы кездесіп, шағымдарын тыңдады.  

7b46b9c7-675e-4a9b-bc8b-3e311d178214.jpg

Кездесу барысында құрылыс басқармасының басшысы Ербол Ахметов көпқабатты үйлердің құрылысын алматылық құрылыс компаниясы жүргізгенін айтты. Мердігердің  тұрғын үйге 5 жылдық кепіл мерзімі де аяқталмаған. Алайда, бүгінде аталған компания жұмысын тоқтатқан. Бірақ заңды түрде банкрот деп жарияланбапты. Сол себепті,  қаланың құрылыс басқармасы мердігерді сотқа беріп жеңіп шыққан.

«Қазір сала мамандарымен және  құрылыс компанияларымен сөйлесіп, сыртына жөндеу жұмыстарын жүргізудің түрлі жолдарын қарастырып жатырмын.  Бұл үйлердің сыртын жөндеп беремін.  Себебі, мердігердің қателігіне тұрғындар кінәлі емес. Сабырлық  танытыңыздар, демеушілермен де сөйлесіп жан-жақты қарастырып жатырмын»- деді қала әкімі.

Бұдан кейін  шаһар басшысы Қайтпас-1 шағын ауданына барды. Мұндағы тұрғындар сапасы төмен жекеменшік жарық жүйесіне шағымданып отыр. Бұдан бөлек  жол, ауыз су, газ, қоғамдық көлік мәселесі өзекті екенін айтады халық. Өз кезегінде  Мұрат Дүйсенбекұлы тұрғындар көтерген мәселелер кезең-кезеңімен шешілетінін жеткізді.

«Сіздердің қуаты әлсіз жекеменшік электр энергиясын тұтынып  отырғандарыңыздан хабардармын. Кезінде осындағы 416 үйге жарық жүйесі жетпей қалған екен. Соны ескеріп, қуат  жүйесін жүргізуге байқау өткізіп, мердігер мекемені анықтадық.  Жуырда олар жұмысын бастайды.  Құрылыс жұмыстарын күзге дейін бітіруге әрекет жасаймыз. Сонда сіздерде сапалы энергия болады. Ал, су, газ тарту мәселесіне келсек, жуырда жобалық сметасын жасаймыз. Биыл жұмыстарды бастауға тырысамыз»- дейді Мұрат Әйтенов.

Қоғамдық көлік жұмысына қайта зерделеу жұмыстары жасалып жатқанын айтады қала әкімі. Жаз айларына қарай автобустар мәселесі де өз шешімін таппақ.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жұмабек Тәшеневтің елге жасаған еңбегі дәріптелді
  • Фитнес клубтар мен мейрамханаларды тексеру басталды
  • Енді жаңа SIM-карта сатып алу үшін екі рет тіркеуден өтесіз
  • «Алматы Су» кәсіпорнының лауазымды қызметкері 5 жылға сотталды
  • Қазақстанда пәтер құны жоғарылаған қалалар аталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер