Шымкент: Қонаев көшесін ұзарту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

Шымкент қаласындағы Асар шағын ауданынан 2016 жылы 5 қабатты 30 тұрғын үй салынған. Өкінішке қарай күні бүгінге дейін көпшілігінің сыртқы қасбеті бұзылып, көркі қашқан. Жергілікті тұрғындар қала әкімі алдында мәселені айтқанда, демеушілер есебінен жөндеп беруге уәде берген болатын. Қазіргі таңда  сол үйлердің ірге тасын қалаған «АҚ ордасы» құрылыс компаниясы кепілдік мерзімінің өтіп кеткеніне қарамай өз қаражаты есебінен жөндеу жұмыстарын бастап кетті. Бүгін қала басшысы Мұрат Әйтеновтың  аудан тұрғындарымен кездесу барысында жергілікті халық  қала әкімі мен демеуші компанияға алғысын жаудырды. 

f59476d4-587e-4958-9a04-d19903334766.jpg

«Бір ауыз сөзімізді жерге тастамай, уәдеңізде тұрғаныңыз  үшін үлкен рақмет. Жөндеу жұмыстары басталды, өзіңіз де келіп қадағалап жатырсыз. Міне тұрғындардың барлығы риза. Мердігер компанияның, әкімнің арқасында үйіміздің сырты өзгеріп жатыр. Дән ризамыз, қала мерекесіне дейін бітіреміз деп мердігер уәде беріп жатыр»,- дейді Асар шағын ауданының тұрғыны Салтанат Сұлтанмұратова.

Өз кезегінде қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы да  демеушілік жасап жөндеу жұмыстарын бастаған «АҚ ордасы»  құрылыс комапниясына алғыс білдірді. Бұл халықтың үддесінен шығып, сеніміне ие болу үшін жасалған үлкен қадам екенін ерекше айтып өтті. 

Мұнан соң, Мұрат Дүйсенбекұлы  «Ескі қала» шағын ауданы арқылы өтетін Қонаев көшесін ұзарту мақсатында жүріп жатқан құрылыс жұмыстарымен танысты.  Айта кету қажет, мұнда жолға қажетті тұрғын үйлердің дені сүріліп, топырағы алынып, тас төсеу жұмыстары қызу жүріп жатыр. Жауапты басқарма өкілі құрылыстың бекітілген кесте бойынша жүріп жатқанын айтады. 

«Біз Қонаев көшесін ұзарту үшін жүріп жатқан бірінші құрылыс учаскесінде тұрмыз. Ұзындығы 580 метрді құрайтын бұл аумаққа қазынадан 725 миллион қаржы қаралған. Биылға дейін 101 миллион теңге игерілді.  Осы жылы тағы 200 миллион теңге бөлініп отыр.  Қалған қаражат алдағы уақытта берілетін болады. Қазір кәріз жүйесі мен электр бағаналарын, газ жүйесін алу бойынша жұмыстар жасалып жатыр. Мұнан бөлек, бұл жердің топырағы құрылысқа жарамсыз. Сондықтан топырағын алып тас төсеп жатыр»,- дейді  Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының автомобиль  жолдары бөлімінің басшысы Қайрат Баймендиев.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер