Әлі де сақтық шараларын ұмытпайық!

Елімізде төтенше жағдай аяқталғанымен әлі де карантин режимі жалғасуда. Осы тұста, Шымкент қаласындағы шектеу шаралары қатаң сақталады. Себебі бәрімізге мәлім. Бар жоғы екі күннің ішінде 137 адамнан коронавирус індеті анықталды. Бұл дегеніміз қауіпті індеттен сақтану шарасын қатаң сақтау қажеттілігін көрсетеді. 

20200128_zaa_s197_031.jpg

Әлемді жайпап келе жатқан қауіпті індетті жұқтырып алмау үшін қорғаныс шарасын сақтау маңызды. Карантин бітті деп шымкенттіктердің көпшілігі масканы шешіп, халық көп жиналатын орындарға баруын тоқтатар емес. Алайда, әлі де қауіп толығымен сейілген жоқ. Барлық дүкендер мен кәсіпорындар, қоғамдық көліктер санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтауы аса маңызды. 

Шымкент қаласының бас санитар дәрігері Әбдіманап Төлебаевтың қаулысына сәкес, қала тұрғындары үнемі бетперде тағуға міндетті. Сақтық шараларын қатаң назарда ұстайық! Сақтансаң сақтаймын демей ме?!

Әрі карантин тәртібін бұзғандар жауапқа тартылатынын ұмытпаңыздар! 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Президенттік республика» − Конституцияда еліміздің басқару нысаны нақтыланды
  • Елде 400-ден астам жаңа дәрі-дәрмек өндіріледі
  • 2040 жылға қарай ғылым қайда барады?
  • Павлодар облысында мас күйінде көлік жүргізген шенеунік жұмыстан шығарылады
  • Головкин Өзбекстан президентімен кездескенін сүйіншілете хабарлады (фото)
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер